Бейімбет Майлин оқу құралдарындағы мәтіндердің көркемдік және ағартушылық ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v192.i4.ph4
        173 140

Аннотация

Көзі тірісінде 60 жуық кітабы жарық көрген Бейімбет Жармұхамбетұлы Майлиннің зерттеушілер назарынан тыс қалып жүрген қырының бірі оның әдіскерлік және педагогтық қыры. «Қазақ», «Айқапта» және «Еңбекші қазақта» қаламын танытқан Б.Майлин есімі жазушы әрі публицист ретінде белгілі болған. 1929 жылдардан бастап ол сауатсыздықты жою науқанына белсене араласып, бұл бағытты тындырымды тірліктер атқарған. Оқу құралдарындағы мәтіндер мен тапсырмалар, сұраулардың бәрінде Майлиннің қалам стилі менмұндалап көрініп тұрады. Майлин қаламынан туған оқу құралдарының ішкі мазмұнын үшке бөліп қарастыруға болады. Әріп үйрету; Көркем мәтіндер және арифментика; Осылардың ішінде тіпті кейбір оқулықтары тұтас көркем мәтіндерге құрылған. Яғни көркем мәтіндерді ағартушылық мақсатта қолданған. Көркем мәтіннің композициялық тұтастығын, мазмұн мен форманың бірлігін, осы тұтастықты тудыратын нәзіктіктерді түсіну үшін тұтас тірі ағзаны зерттеп, қажетті қорытынды пікірге келу үшін жеке талдаулар жүргізу қажет болады. Көркем шығарманың «тұтастығын» жасайтын оның құрылымдағы орны мен рөлін анықтау қажет. Тұтастың мәнін түсіну үшін оны құрайтын бөліктерді нақтылау қажет. Шындығында, талдау бүтінді түсіну үшін оны ойша бөліктерге бөлуді үйрену дегенді білдіреді. Өйткені талдаусыз синтез, талдаусыз және нақтылаусыз толық түсіну және бағалау мүмкін емес. Б.Майлиннің оқу құралдарындағы көркем мәтіндерде әрбір деталь, бейнелеу құралы, сөз тәртібі, логикалық екпін, поэтикалық шығармалардағы салмақ, ұйқас, ұйқастың өзіндік орны мен рөлі бар. Кейде негізгі мәселеден гөрі екінші дәрежелі мәселелерді түсіндіруге көбірек орын беріліп, автордың тұтасты жақсырақ түсіну үшін пайдаланған детальдарын көруге болады. Кей кейде тарихымдың қойнауында жатқан інжу-маржанға мән бермей «заманауи» деп басқа нәрселерге ұмтыла береміз. Бір уақыт қазақ үшін жанын құрбан еткен арыстарымыздан қалған асыл заттарды бір қайтара саралап өткен де жөн деп есептейміз.

Жүктелулер

Как цитировать

Turgunov, Y., Koch, K., & Abitova, Z. (2023). Бейімбет Майлин оқу құралдарындағы мәтіндердің көркемдік және ағартушылық ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 192(4), 41–49. https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v192.i4.ph4