Аудармадағы лексикалық – семантикалық трансформациялар (Абай Құнанбаевтың өлеңі негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh2025197122Аннотация
А удар ма ісі – теориялық не гізі ба р, әде би және тілдік мінде тте рді ше шуге бе йім ғылым са ла сының бірі. ақаламыздың негізгі мақсаты а уда рма да қолданылатын тра нсформа цияла р және оның түрле рі, соның ішінде мақалада зерттеудің негізгі мақсаты – лексикалық-семантикалық трансформацияларды қолдана отырып, поэтикалық аударманың жеткіліктілігіне, барабарлығына қол жеткізу құралы ретінде қарастыру.
Мақалада Абай Құнанбайұлының «Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап» өлеңін орыс тіліне бес аударған нұсқаларды салыстырып, талдап көрсетуімізде аударманың барабарлығы жету үшін түпнұсқа мен аударма тілінің тілдік жүйелеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, аудармашылар көптеген тіларалық сапалы түрлендірулер, яғни аудармада қолданылатын трансформацияларды қолдану арқылы жүзеге асырғандығын көрсетеміз, осы жағдайда ғана, аударма тілінің нормалары сақталып, түпнұсқа тіліндегі мазмұн мен ой, лексикалық-семантикалық трансформациялар арқылы және оның әдістері арқылы аударма мәтінінде де максималды түрде толыққанды берілгендігін, аудармашылар түпнұсқаның лексикалық бірліктерін және аударма тілі бірліктерін қолдана отырып аудару тәсілі, олардың мәні бастапқы бірліктердің шамаларына сәйкес келмейді, бірақ олардан белгілі бір логикалық түрлендіруді қолдана отырып, оларды шығарғандығын көрсетеміз.
Мақалада жасалған талдау негізінде бірнеше орысша аударма авторлары, өлең аудармасын қабылдаушыға грамматикалық трансформация мен лексикалық трансформацияның бірнеше әдіс тәсілдерін қолдану арқылы реципиентке коммуникациялық интенция сәтті жеткенін, мағынаны толық айта алғанын көріп отырмыз. Талдау барысында орысша аударма авторлары қосу, түсіру, компенсация, мағыналық даму, орын олтыру, жалпыландыру, тұтас түрлендіру, бөлшектену тәсілідерін жиі қолданғаны анықталды.
Осылайша, авторлық даралықтың терең ізін қалдырған Абайдың бір өлеңінің әртүрлі аударма түсіндірмелері түпнұсқаның лексикалық-семантикалық трансформация дифференциациясымен байланысты екендігін көрсетеміз.
Мақалада аудармашы түпнұсқа мен орыс аудармаларының грамматикалық трансформация мен лексикалық трансформацияның бірнеше әдіс тәсілдерін қолдану арқылы аудрама барабарлығына қол жеткізе алды деген қорытынды жасаймыз, өйткені ақынның айтпақ ойын ауармада сақтап, адресатқа тиісті әсерін сақтай білген және коммуникациялық интенция сәтті жеткен.
Түйін сөздер: грамматикалық трансформация, лексикалық трансформацияның, дифференциация, интенция, коммуникациялық интенция, реципиент, тәсілдер.
