Мәдени-тілдік феномен ретінде колоративті лексиканың танымдық сипатын салғастырмалы талдау (қазақ және ағылшын тілдері бойынша)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v192.i4.ph19Аннотация
Құрылымы әр түрлі қазақ және ағылшын тілдерінің сөздік қорындағы көптеген атаулардың ішінде өте жиі қолданылатын, қолданыс ауқымы кең, мағынаға бай, тілдік бірліктердің бірі – колоративті лексика. Сонымен қатар, колоративті лексика ең көне әрі қарапайым, танымдық қызметі зор, тілде жиі қолданылатын логикалық теңеу тәсілі болып табылады. Шындық әлемді танудың ұтымды құралы болғандықтан, түр-түс атаулары мейлінше мазмұнды, көп қырлы тілдік құбылысты білдіреді. Колоративті лексиканың ойлау өрісінің бір формасы ретінде дүниені эмоционалды түрде қабылдаудағы және ондағы кейбір құбылысты салыстыра бағалаудағы орны ерекше. Колоративті лексика – ұлт өмірінің айнасы, сондықтан бойында сақталған ұлттық мәдени негіздерге сүйенеді, өйткені өркениет тілден бөлінбейді. Тіл мен мәдениет – өркениет дамуының ең алғашқы кезеңдерінен бастап сәйкестік пен үйлесімділікте өмір сүріп келе жатқан құбылыс. Колоративті лексика табиғатпен етене байланыстағы тілдік сананы қалыптастырушы құрал болғандықтан, бүгінгі таңда ғылыми парадигмадағы іргелі аспектілердегі зерттеу нысанасына айналып отыр. Колоротивті лексика салғастырмалы және салыстырмалы аспектілермен қатар тілтанымның жаңа бағыттары аясында түр-түс атаулары тіл мен танымның ортақ бірлігі ретінде анықталған.
Мақалада тілдегі колоративті лексиканы мәдени-тілдік феномен ретінде таныту мәселесі бойынша ғылыми тұжырымдар жүйеленеді және қазақ-ағылшын тілдеріндегі танымдық сипаты салғастырмалы аспектіде талданды.