Автобиографиялық әңгімені университет қабырғасында оқыту
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v193.i1.ph18Аннотация
Мақала әңгімені эпикалық шығарма ретінде талдау барысында студенттерде дағды қалыптастыруды көздейтін ғылыми-әдістемелік зерттеу болып табылады. Мақалада жоғары мектепте қазіргі кездегі автобиографиялық әңгімелерді меңгерудің әдістемелік жолдарының сипаттамасы беріледі.
Мақалада қазақстандық әдеби туындыларды мысал ретінде пайдалана отырып, университет аудиториясында әңгіме жанрын талдаудың әдістемелік жолдары сипатталады. Бұл мақалада зерттеудің келесі әдебиеттанымдық әдістері қолданылады: мәтіннің теориялық, поэтикалық және құрылымдық талдауы, шығарманың жанрлық-тектік ерекшелігін талдау.
Дағды қалыптастыру мақсатындағы оқыту барысында келесі әдістемелік құралдар өз тиімділігін көрсетті: оқытушының мақсат қою шеберлігі, теориялық тренинг, эвристикалық әңгімелесу, пікірталас, топтық жұмыс, әңгімені талдау алгоритміне сүйене отырып мәтінді талдау, студенттердің өзіндік жұмысы және т.б. Мақалада қазіргі қазақстандық автордың әңгімелерін талдау барысында студенттердің әдеби кейіпкерлер жүйесін, фабула, сюжетті, композиция және проблематиканы талдау икем-дағдылары жетілдірілетіні анықталады. Жоғарыда аталған әдебиеттанымдық құзыреттіліктер студенттердің әңгімелерді өз бетінше талдауға дайындығы қалыптасқанын көрсетеді.
Мақалада автобиографиялық әңгіменің поэтикасы мен проблематикасын әдістемелік меңгеруде эвристикалық тәсілді қолдану ұсынылады. Мақаланың жоғары мектепте қазіргі заманғы әңгіме жанрын зерттеу әдістемесін дамытуда практикалық маңызы бар. Сондай-ақ осы зерттеу жұмысында ЖОО-да шағын прозалық шығармаларды талдау бойынша әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Түйін сөздер: эпос, әңгіме, автобиографиялық әңгіме, талдау, әдістеме, әдістемелік тәсіл, дағды.