Танзимат пен жәдитшілдіктің Алаш ағартушылығына әсері (әдеби аспект)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v193.i1.ph11Аннотация
Бұл мақалада ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Османдық Түркиядағы «танзиматшылар» қозғалысынан бастау алған күллі Ресей мұсылмандары – Түркі әлемінің «Ояну дәуірі» баяндалады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Түркия танзиматшыларының «жаңару реформасы» – Ресей мұсылмандары арасында Қырым татар оқымыстысы, саясаткер, журналист, И.Гаспринский бастауымен «жәдит» қозғалысына ұласты.
ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы И.Гаспринскийдің «жәдит» әдісінен бастау алған қазақ халқының «ояну дәуірі» – «ұлт-азаттық Алаш» қозғалысына жалғасты. Бұл қозғалысқа Алаш зиялылары өздерінің көсемі санаған саясаткер, журналист, аудармашы, жан-жақты энциклопедист ғалым Ә.Бөкейхан жетекшілік жасады.
Ә.Бөкейхан бастаған Алаш зиялылары ағартушылықты дамытуда жетекші рөлге – халықты жаппай сауаттандыра отырып, ғылымға матералистік көзқараспен қарауды ұстанды. Соның нәтижесінде Алаш оқымыстылары көптеген ғылыми оқулықтар жазып, қазақ халқының мәдениетінің өркендеуі мен оқу-ағарту саласының жетіліп-өсуіне үлкен үлес қосты.
Түйін сөздер: Түркі әлемі, Танзимат дәуірі, татар оқымыстысы, жәдидизм, Алаш қозғалысы.