“Едіге батыр” эпосы: түркі нұсқаларының типологиясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph012
        214 102

Аннотация

Едіге – тарихи тұлға. Ол ХІV ғасырдың екінші жартысында Алтын орданың әлсіреп, хандыққа таласушы билеушілердің өзара қырқысуынан іргесі босап, бір кездегі күшті мемлекеттің ыдырай бастаған кезінде тарих сахнасына шыққан ірі тұлға. Ол Алтын орданың қайтадан нығаюына күш жұмсаған. Ел тізгінін ұстаған беделді би әрі қол бастаған батыр болған. Едіге – көзінің тірісінде есімі аңызға айналған даңқты ер. Едігені қазақтар ғана емес, түрік, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түркмен, татар, ноғай, башқұрт халықтары да «батыр бабамыз» деп ардақтайды. Осы жағдай бұл халықтардың бір кезде «ноғайлы» атанып, бір шаңырақтың астында бір тұтас ел болғанын көрсетеді.

Мақаланың  негізгі мақсаты  – «Едіге батыр» жырының тек қазақ жұрты ғана емес, сол сияқты түрік халықтарының әдебиетінде үлкен орны бар, дүниежүзі әдебиетінің алтын қорынан ерекше орын алатын «Едіге» жырының ұлттық версияларын өзара салыстыру және өзге халықтардың эпосы мен жалпы тарихи мұрасымен салғастыра зерттеу арқылы оларға тән ортақ ерекшеліктерді, сарындарды анықтау. Соның нәтижесінде оның тарихи жыр емес, батырлық жыр мен тарихи жыр арасындағы жанр екендігін және жырдың түркі халықтарының ортақ мұрасы екенін дәлелдеу. Типологиялық салыстырулар жүргізіліп, түркілер ішіндегі қазақ, ноғай, қарақалпақ, татар версияларында сюжеттің типологиялық ұқсастығы молырақ ұшырасатынын көрсету. Ұлттық версиялардың бәрінде де мифтік, ертегілік сарындар мен эпизодтар бар екені, бұларға қарақалпақ, башқұрт, татар версияларында мол орын берілгендігін айқындау.  

Түйін сөздер: фольклор, эпос, типология, вариант, қолжазба, ұлттық нұсқа, Алтын Орда.

Авторлардың биографисы

P. Auyesbayeva, Институт литературы и искусства им. М.О. Ауезова, Казахстан, г. Алматы

Aуесбаева Пакизат (корреспондент автор) – кандидат филологических наук, Институт литературы и искусства им. М.О. Ауезова (Казахстан, г. Алматы, e-mail: ksaryarka@inbox.ru);

T. Akimova, Институт литературы и искусства им. М.О. Ауезова, Казахстан, г. Алматы

Aкимова Тогжан – докторант, Институт литературы и искусства им. М.О. Ауезова (Казахстан, г. Алматы, e-mail: togjan_akim@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Auyesbayeva, P., & Akimova, T. (2024). “Едіге батыр” эпосы: түркі нұсқаларының типологиясы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 194(2), 124–133. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph012

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение