Мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің саяси тілдік тұлғасы: дискурсивті сипаттамалар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v195.i3.ph011
        50 23

Аннотация

Мақалада саяси лексиканы танытатын барлық тілдік құралдар анықталады. «Саяси
коммуникация», «саяси дискурс» ұғымдары түсіндіріледі, оларды білдіретін тілдік бірліктер
қатары анықталады. Тіл мен саясат бір-бірінен бөлек қарастырлмайтындығы, саясаткердің
тілді қолдана отырып, түрлі сипаттағы Қазақстандағы саяси жүйені, саясатты жүргізіп отырған
қоғам мен мемлекет қайраткерлерінің, саяси лидерлердің ұстанымын, сөздерін талдау саяси,
филологиялық және лингвистикалық зерттеулердің тоғысында жүргізілуі қажет екендігі
қарастырылады.
Саяси лингвистиканың басты мәселелерін қамтитын негізгі терминдер мен әдістер қатары
анықталып, әрқайсысына түсініктеме беріледі. Қазақ қоғамында демократиялық-ағартушылық,
ағартушы-революциялық бағытта саяси әрекеттер жүргізе отырып, еңбектері негізінде саяси курстағы орны сипатталады. Осы уақытқа дейін саяси лидерлердің тілін зерттеу қолға алынбаған. Тек еңбектері негізінде танымдық тұрғыдан зерттелген. Сонымен қатар қоғам қайраткері
ретінде танылған С.Сейфуллиннің саяси тілдік бейнесі газет беттерінде жарияланған мақалалар
негізінде анықталды. Саяси қайраткер тіліне талдау жасау үшін С.Сейфуллиннің ұлтқа, мемлекетке белсенді қызмет еткен уақыттары негізге алына отырып, ұранды сөздерінің қолданысы
анықталды.
Зерттеуіміздің өзектілігі – қазақ қоғамында өмір сүрген қоғам қайраткерлерінің саяси тілдік
тұлғасын саяси дискурс аясында зерттеу, тілдегі стильдік құрылымдар мен көркемдегіш троп
түрлерін қолдана отырып, қоғамдық-саяси мазмұндағы ұранды сөздері, баяндамалары, публицистикалық мақалалары негізінде саяси тілдік тұлғасын жасау.
Мақала тұжырымдарының практикалық мәні тілші, алаштанушы, әдебиеттанушы және өзге
де оқырман үшін өзекті.
Түйін сөздер: саясат, тіл, саяси лингвистика, саяси лексика, саяси дискурс, тілдік тұлға.

Авторлардың биографисы

А. Солтанбекова, Институт языкознания имени А. Байтурсынулы, Казахстан, г. Алматы

Солтанбекова Альфия – филология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: madina-258@mail.ru);

Т. Рамазанов, Институт языкознания имени А. Байтурсынулы, Казахстан, г. Алматы

Рамазанов Талғат (корреспондент автор) – PhD докторант, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: take_kzz@mail.ru);  

А. Садық, Университет международного бизнеса имени К. Сагадиева, Казахстан, г. Алматы

Садық Айнагүл – магистр, К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті, Қазақстан, Алматы қ. e-mail: s.ainagul_94@mail.ru);

Ф. Исмаилова, Казахский национальный педагогический университет имени Абая, Казахстан, г. Алматы

Исмаилова Фариза – постдокторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: fari1996@mail.ru).

 

Жүктелулер

Как цитировать

Солтанбекова A., Рамазанов T., Садық A., & Исмаилова F. (2024). Мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің саяси тілдік тұлғасы: дискурсивті сипаттамалар. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 195(3), 114–124. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v195.i3.ph011