Каузалдық ұғымының философиялық және лингвистикалық заңдылықтары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph09
        110 88

Аннотация

Мақалада  тіл  біліміндегі  жаңа  бағыттардың  бірі  саналатын  функционалды  грамматиканың қаузалдық категориясы және оның философия және лингвистика ғылымдарында қарастырылуы туралы баяндалады. Каузалдық ұғымы жалпы философия ғылымынан бастау алады. Философиялық зерттеулерден негізгі арналары лингвистика соның ішінде функционалды грамматиканың арнайы ұғымы ретінде қарастырылуы заңды құбылыс ретінде түсіндіріледі. Жалпы әлемдік тіл ғылымында және қазақ тіл білімінде зерттелуі сөйлеу әрекетінің негізінде қалыптасқаны ғалымдардың назарын аудартып бірнеше аспектіде зерттелуді бағыт етіп алады. Каузалдық категориясы философтардың назарын аударып өмірдегі болмыстардың себебін, уәжін, жасалу жолдарының негізгі концепцияларының себептерін іздеу лингвистердің де қызығушылығын оятқаны мойындалатын шындық       екені дәлелденді.

Мақалада  каузалдық  ұғымын  философиялық және лингвистикалық заңдылықтарын   тілдік табиғатын түсіндіру тар мағынада емес, барлық тіл топтамаларының мағыналық деңгейлерін өзара байланыс шеңберінде кешенді тұтастық ретінде интеграциялауға айырықша көңіл бөлу негізгі межеге алынады. Каузалдықтың семантикалық функционалдық қызметін ашу тіл  табиғаты  және мағыналық қырларының сан алуан екенін көрсетеді. Сондықтан каузалдық ұғымдардың қызметін функционалды-семантикалық өріс  теориясы  тұрғысынан қарастыра отырып, барлық тілдік  құралдардың парадигмасы  мен  синтагмалық қатынасын көрсету және олардың семантикалық құрылымын ашу арқылы аталған категорияның табиғатын толық тануға болады. Бұл орайда каузалдық категориясына жататын  тілдік деңгейлерді грамматикалық тұрғыдан ғана қарастыруға болмайды, тілдің басқа деңгейлері арқылы да көрініс таба алатын категориялардың санатынан орын алады.  Демек каузалдық үғымы философиялық әрі лингвистикалық категория болып табылады. Философияда әлемнің, дүниенің, жаратылыстың, болмыстың пайда болу себебін іздесе, лингвистикада ол әртүрлі тілдік амалдар топтамасы арқылы осы себептің мәні мен мазмұнын білдіретін функционалдық-семантикалық категория ретінде тұжырымдалады. Каузалдық семантикасының мәнін ашатын тілдік амалдарының өте мол екені анықталып, оның парадигмасы нақты жүйелеуге ғылыми концепциялар негізінде ұсынылды.

Түйін сөздер: функционалды грамматика; функция; қаузалдық; сөйлеу әрекеті; функционалды-семантикалық өріс; категориялық жағдаят.

Авторлардың биографисы

O. Sansyzbayev, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Омирбек Сансызбаев (корреспондент автор) – докторант, Казахский национальный университет имени аль-Фараби (Казахстан, Алматы, e-mail: omirsansyz@gmail.com);

 

D. Alkebayeva, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Дина Алкебаева – доктор филологических наук, профессор, Казахский национальный университет имени аль-Фараби (Казахстан, Алматы, e-mail: alkebaeva@mail.ru).

 

A. Amirov, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Әбдібек Әміров – кандидат филологических наук, старший преподаватель, Казахский национальный университет имени аль-Фараби (Казахстан, Алматы, e-mail: abdibek71@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Sansyzbayev, O., Alkebayeva, D., & Amirov, A. (2024). Каузалдық ұғымының философиялық және лингвистикалық заңдылықтары. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 194(2), 90–101. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph09