Американдық БАҚ-тағы «Банкті бұзу» идиомасы және оның трансформациялары (корпустық анализ)

Авторлар

  • Э. Сулейменова Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы https://orcid.org/0000-0001-9515-1714
  • М. хасанова Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы https://orcid.org/0009-0008-7422-6535

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v195.i3.ph012
        112 41

Аннотация

Бұл мақала бұқаралық ақпарат құралдарындағы идиомалардың трансформациялық сипатын
зерттеуге арналған. Қолданыс жиілігі жоғары болып саналатын «банкты бұзу» идиомасына және
оның трансформацияланған нұсқасы ретінде «ғаламторды бұзу» идиомасына назар аударылады.
Негізінен аралас әдістер арқылы идиомаларды зерделей отырып, зерттеуде COCA, Google
Book Ngram Viewer және сөздіктердің корпустарын пайдалана отырып, сыни талдау және
семиотикалық талдау сияқты сапалық әдіснамамен қатар сандық талдау жасалады. Зерттеу
осы идиомалардың трансформациялық жиілігіне, пайда болуы мен әлеуметтік мазмұнына
қатысты басты сұрақтарға жауап беруге бағытталған. Зерттеу лингвистикалық инновациялар
мен сандық коммуникация модельдері туралы түсініктерді ұсына отырып, бұқаралық ақпарат
құралдарындағы идиомалардың трансформациясы бойынша зерттеулердің қатарын ұлғайтуға
мүмкіндік береді.
Сонымен қатар осы мақалада сандық дәуірде идиомалардың трансформациясына ықпал
ететін негізгі принциптерді қарастырылады. Дәстүрлі түрде қаржылық дағдарыспен байланысты
«банкты бұзудан» орасан зор онлайн-танымалдылықты қамтамасыз ететін «ғаламтордың бұзуға»
ауысуды зерделей отырып, технологиялық жетістіктер мен әлеуметтік желілер лингвистикалық
шығармашылыққа қаншалықты мүмкіндік беретініне назар аударуға болады. Модификацияланған
идиома ғаламтордың әсеріне, тілге және адамдардың арасындағы қарым-қатынасқа өзгеріс енгізе
отырып, анағұрлым кең шеңберде мәдени өзгеріске алып келеді. Бұл талдаулар идиомалардың
эволюциясын түсіну үшін ғана емес, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының күнделікті
жағдайда тілге қалай әсер ететінін мұқият зерттеуге, бағалауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: COCA, американдық ағылшын, идиома, трансформацияланған идиомалар,
модификация, корпустық анализ.

Авторлардың биографисы

Э. Сулейменова, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Сулейменова Элеонора – филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: esuleim@gmail.com);

М. хасанова, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Хасанова Мөлдір (корреспондент автор) – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: moldir.khassanova1991@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Сулейменова E., & хасанова M. (2024). Американдық БАҚ-тағы «Банкті бұзу» идиомасы және оның трансформациялары (корпустық анализ). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 195(3), 125–136. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v195.i3.ph012