Әлеуметтік медиа дискурсивті кеңістігіндегі виртуалды тілдік тұлға

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph10
        37 16

Аннотация

Ақпараттық технологиялар дәуірінде әлеуметтік медиа адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Әлеуметтік медиа байланыс құралы ғана емес, виртуалды түрде ой-пікір алмасуға мүмкіндік беретін бірегей платформа қызметін атқарып отырғандықтан, әлеуметтік желілердегі қарым-қатынастың тілдік ерекшеліктерін зерттеу бүгінгі тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі. Мақалада сипатталатын зерттеу нәтижелері де аталған мәселені қарастыруға бағытталған. Зерттеу мақсаты – заманауи ғылым мен медиа коммуникация практикасы контекстіндегі әлеуметтік медиадағы дискурсты, тілдік стиль мен тілдік құрылымды тілдік тұлға түсінігі аясында қарастыру. 

Саясаткерлердің, қоғам белсенділерінің және жалпы халықтың сайлау науқандары мен саяси маңызы бар оқиғалар кезінде әлеуметтік медианы белсенді пайдаланатыны белгілі. Зерттеу материалы ретінде әлеуметтік медиа дискурсивті кеңістігіндегі виртуалды тілдік тұлғаның ерекшелігін анықтауда Д. Трамптың әлеуметтік желілерде жариялаған посттары қолданылады. Д. Трамптың тілдік тұлғасын зерттеумен қатар оның тілдік портреті саяси лингвистика тұрғысынан зерделенеді.

Практикалық бөлімде Д. Трамптың Twitter желісінде жариялаған посттарының мазмұны, оның жазу стилі, сөйлеу мәнері, риторикалық құралдары, коммуникативтік стратегиялары мен тактикаларын жүзеге асыруда қолданатын тілдік құралдары, яғни жалпы сөйлеу әрекетіне талдау жүргізіледі. Twitter аккаунтында жарияланған 120-ға жуық пост және дәйексөздерін қарастыру арқылы саясаткердің жазбаларындағы қайталанатын тақырыптар, құндылықтар және дерексіз ұғымдар тақырыптық топтарға бөлініп сипатталады. Президенттің посттарындағы мәтіндердің стилистикалық анализі арқылы Д. Трамптың коммуникация стратегиялары мен олардың көрінісі туралы түсініктеме беріледі.

Түйін сөздер: әлеуметтік медиа, виртуалды тілдік тұлға, дискурс, медиа коммуникация, медиа жазбалар.

Авторлардың биографисы

А. Режеп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Режеп Ақниет Сералықызы – PhD докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: akniyetrezhep@gmail.com )

И. Байсыдық, Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педагогикалық унивepcитeтi, Қазақстан, Алматы қ.

Байсыдық Индира Болатбекқызы – Философия докторы PhD, аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: i.baissydyk@gmail.com )

Г. Бекқожанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Беккожанова Гүлнар Кисметоллаевна – Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: almaty.gulnar@mail.ru )

A. Камзина, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Камзина Айман Ариповна – аға оқытушы,  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: kamzina_aiman_67@mail.ru )

Жүктелулер

Как цитировать

Режеп, А., Байсыдық, И., Бекқожанова, Г., & Камзина A. (2025). Әлеуметтік медиа дискурсивті кеңістігіндегі виртуалды тілдік тұлға. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 196(4), 111–123. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph10