Шетел тілдері бағдарламаларын модельдеу: тәжірибелік зерттеулер және оқу жоспарын жетілдіру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v195.i3.ph017
        63 28

Аннотация

Мақалада жаһандық серіктестік, мәдени байланыс және адам дамуын ілгерілетуде
тағылымдама бағдарламаларының рөлі туралы сипатталып, Minnesota English Language Programның (MELP) шет тілдерінің оқу бағдарламаларын құрастыру тәжірибесі туралы сөз етіледі.
Зерттеу мақаласы тіл бағдарламаларын дамытуда халықаралық тағылымдаманың маңыздылығы
және әлемдік университеттер арасындағы ынтымақтастық оқу бағдарламаларын жетілдіру жайы
сипатталады. Бұл зерттеу білім алушылардың шынайы өмірде тиімді қарым-қатынас орнату, шет
тілдерін меңгеру және мәдениетаралық түсіністікке тәрбиелеу көзделген.
Мақала Minnesota English Language Program-ның (Миннесота ағылшын тілі бағдарламасы)
шетел тілін оқытуда оқу бағдарламасын әзірлеудегі озық тәжірибесін зерттеуге бағытталған.
Зерттеу мақсаты – UMN және ҚБТУ тіл курстарының бағдарламаларын зерделеу арқылы
зерттеу сұрағын тереңірек түсіну үшін сауалнама деректерін талдау, анықталған ерекешеліктері
мен кемшіліктерді сандық бағалау арқылы статистикалық дәлелдемелер алу.
Алынған нәтижелерге сүйене отырып, қазақ тілін өзге тілді көпмәдениетті ортада оқытудың
жаңа оқу бағдарламасын әзірлеу көзделген. Зерттеуге сапалық және сандық әдістерді біріктіретін
аралас зерттеу әдісі қолданылды. Атап айтқанда, шетел азаматтарына қолданыстағы қазақ тілін
оқыту бағдарламасы туралы сандық деректерді жинау мақсатында Нархоз университеті мен
Қазақ-Британ техникалық университетінің 50 студентіне сауалнама жүргізілді.
Түйін сөздер: халықаралық тағылымдама, «Болашақ» бағдарламасы, қазақ тілін оқыту
бағдарламасы, аралас зерттеу әдістері, MELP курстары.

Автордың биографиясы

Г. Беркинбаева, Университет Миннесоты, США, г. Миннеаполис

Беркинбаева Гүлзат (корреспондент автор) – PhD, Миннесота университеті (Миннеаполис қ. АҚШ, e-mail: gberkinb@umn.edu).

 

Жүктелулер

Как цитировать

Беркинбаева G. (2024). Шетел тілдері бағдарламаларын модельдеу: тәжірибелік зерттеулер және оқу жоспарын жетілдіру: . ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 195(3), 188–199. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v195.i3.ph017

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы