Фразеологиялық бірліктердің мәдениетаралық байланыстардағы орны (М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы негізінде)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph2
        19 19

Аннотация

Фразеологизмдердің мазмұндық қуаты, пішінінің әлеуеттілігі зор. Осыған байланысты оларды әтномәдени ақиқат көзі ретінде танып, этномәдени мұра, ұлттық код, ұлттық таным негізінде жасалған айшықты тұжырым ретінде фразеологиялық тіркестерді зерттеудің мәні де зор. Ал төл тіліміздің бай фразеологиялық қорын өзге тілге аудару мәселесін талдау ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдері жүйелі түрде жан-жақты қарастырылып, сыр-сипаты әлі тұтас күйінде толық ашылған жоқ. Қазақ тілінің орыс және туыстас түрік тілдеріне аударылуына қатысты көлемді зерттеулер мен сөздіктердің аздығы, жүйелі түрде жасалған фразеологиялық сөздіктердің осы кезеңге дейін жасалмауы зерттеу тақырыбының өзектілігін танытып отыр. Осындай халықтың жадында сақталып бүгінгі күнге жеткен сөз байлығымызды жинап, толық меңгеріп, өзіндік нақыш-бояуымен келесі ұрпаққа табыс ету – бүгінгі таңдағы қай ғылым саласы болмасын қалыптасқан негізгі міндеттерінің бірі.

Мақалада «Сепир-Ворф болжамдары» тұжырымдамасы және «мәдениетаралық коммуникация» терминінің шығу тегі қарастырылады. Фразеологиялық бірліктер ұлттық ойлаудың, менталитеттің, дүниетанымның ерекшеліктерін және осы тіл өкілдерінің әлем бейнесін нақты көрсетеді. Оларды басқа тілге аудару да маңызды. Мақалада аударма процесінде тілді, мәдениетті және тарихты жеткілікті білмегендіктен аудармашылардың кемшіліктері сипатталған. Мақалада М.Әуезовтің «Абай жолы» романында кездесетін фразеологиялық бірліктердің мағынасы түсіндіріледі және олар нақты мысалдармен орыс, түрік және қырғыз тілдеріндегі аудармалары қарастырылады. М.Әуезовтің «Абай жолы» романының аудармасын А. Никольская, Т. Нұртазина және Л. Соболев, А. Ким және т.б. аудармашылар жасаған. Мақаланың мақсаты мәдениетаралық коммуникациядағы аударманың рөлі мен маңыздылығының өзектілігін анықтайды. Нәтижесінде этнолингвистикалық сипаттағы фразеологиялық бірліктерді аудару жолдарына қатысты ұсыныстар берілді.

 Түйін сөздер: фразеологизм, көркем аударма, мәдениетаралық байланыс.

Авторлардың биографисы

И. Әзімбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Әзімбаева Индира Қайратқызы (корреспондент автор) – PhD докторант, Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: indira.azimbayeva@gmail.com);

А. Жапарова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Жапарова Асемжан Жапарқызы – PhD доктор,  Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: asemzhan@mail.ru);

Г. Искақова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Искакова Гүлназ Нұрділдақызы – PhD, Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: gul.iskakova84@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Әзімбаева I., Жапарова A., & Искақова G. (2025). Фразеологиялық бірліктердің мәдениетаралық байланыстардағы орны (М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы негізінде). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 196(4), 17–29. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph2