Лингвистикалық ландшафт: Scopus жарияланымдарын талдау

Авторлар

  • С. Жанжигитов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ. https://orcid.org/0000-0002-7814-1378
  • А. Бакытжанова ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-5305-8295
  • Б. Мамиева С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақстан, Астана қ. https://orcid.org/0009-0001-8415-735X

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph4
        46 39

Аннотация

Лингвистикалық ландшафт – қазіргі лингвистиканың белсенді дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Мақалада лингвистикалық ландшафт социолингвистикалық зерттеулердің объектісі ретінде қарастырылып, 2000 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі Scopus дерекқорында жарияланған лингвистикалық ландшафтқа қатысты 774 зерттеу жұмыстарына шолу жасалады. Зерттеудің теориялық маңыздылығы лингвистикалық ландшафтқа қатысты білімді жүйелеу және бұл саладағы қазіргі заманғы зерттеулердің көпқырлы сипатын тереңірек түсіну тұрғысынан айқындалады. Лингвистикалық ландшафтты жүйелі түрде зерделеу осы бағыттың шекараларын нақтылап, оның дамуындағы негізгі үрдістерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, тілдің қоғамдық және мәдени үдерістердегі рөлін тереңірек ұғынуға септігін тигізеді. Зерттеу нәтижелері соңғы жылдары лингвистикалық ландшафт саласындағы зерттеулердің саны айтарлықтай өскенін көрсетеді. Бұл тенденция лингвистикалық ландшафттың жаһандық сипатқа ие бола отырып, көптеген аймақтарда маңызды зерттеу нысанына айналғанын білдіреді. Басылымдардың географиялық және салалық талдауы көрсеткендей, лингвистикалық ландшафт мәселесі көптеген ғылымдар тоғысында орналасқан және пәнаралық зерттеулерді қажет етеді. Әлеуметтік лингвистика, мәдениеттану, урбанистика және білім беру салаларында жүргізілетін зерттеулер бұл мәселенің қаншалықты кең әрі өзекті екенін айқын көрсетеді. Зерттеу қорытындылары жаһандану және қоғамдық кеңістікті цифрландыру жағдайында лингвистикалық ландшафттық зерттеулерді жалғастырудың маңыздылығын нақтылай түседі. Әртүрлі тілдік қауымдастықтардың ортақ ақпараттық және мәдени кеңістікте қарқынды өзара әрекеттесуі жағдайында тіл, қоғам және мәдениет арасындағы өзара байланысты терең түсіну қазіргі кезеңде аса қажет. Лингвистикалық ландшафтты зерттеу тілдік саясатты дамытуға, мәдениетаралық қарым-қатынасты жетілдіруге және тілдік көптүрлілікті сақтауға бағытталған тиімді стратегияларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: лингвистика, ландшафт, Scopus, тілдік әртүрлілік, ғылыми жарияланымдар.

 

Авторлардың биографисы

С. Жанжигитов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Жанжигитов Сырым Жанмуратович (корреспондент автор) – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан, е-mail: syrymphd@gmail.com);

А. Бакытжанова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қазақстан, Алматы қ.

 Бакытжанова Алтын Куанышевна – филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сарапшы-тренері (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: altyn051275@gmail.com);

Б. Мамиева, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Мамиева Бахыткул Октябрькызы – филология ғылымдарының кандидаты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, қазақ және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан, е-mail: bakit-nur@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Жанжигитов S., Бакытжанова, А., & Мамиева, В. (2025). Лингвистикалық ландшафт: Scopus жарияланымдарын талдау. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 196(4), 39–55. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph4