Қазақ тіліндегі жарнама мәтіндері: өзгерістер мен тілдік ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph3Аннотация
Жарнама – қазіргі қоғамның жаһандану кезеңіндегі көрнекті мәдени құбылыс. Жарнама мәтіндері түрлері мен жанрлық құрамы бойынша өте алуан. Жарнаманың ең негізгі функциясы ынталандыру және сатып алушының сұранысын арттыру болғанына қарамастан, соңғы жылдары ол адамның әлемді қабылдау және оны түсіну тәсілдерінің жиынтық бейнесі екенін көрсетіп отыр. Қазір соған сәйкес жарнама мәтіні ерекше лингво-мәдени құбылыс ретінде лингвистердің назарын аудартып отыр. Жарнама мәтіндерінің күрделілігі мен көпқырлылығы копирайтерлерге ұлттық-мәдени ерекшеліктерді үнемі ескеріп отыруды қажет етеді.
Мақаланың мақсаты – жарнама мәтіндерінің құрылымындағы трансформацияға назар аударту, өзгерістерді сипаттау. Жарнама мәтіндерінің тілдік мәселелеріне тоқталу. Жарнама мәтіндерінің сапалық ерекшеліктері және заңнамадағы өзгерістердің жарнамаға әсерінің деңгейі мен тереңдігін сипаттау. Жарнаманың қоғам сұранысы мен заң нормаларына сәйкестігіне мән беру. Қазақ тіліндегі сапалы жарнама мәтінінің қазақтілді тұтынушыларға қолжетімділігін анықтау. Жарнама индустриясындағы компаниялардың мәтіндерді дайындаудағы ерекшелігіне тоқталу.
Жарнама тілі әр адамның айналасындағы ақпараттық өрістегі қарым-қатынастың басқа тәсілдерінен айтарлықтай ерекшеленеді. Жарнама тілін зерттеу жарнама мәтіндерін белгілі бір қоғамның мәдени құндылығы, этникалық бөлінісі жөнінде ақпарат беретін дереккөз ретінде қарастырып, лингвистика тұрғысынан заманауи ақпараттық қоғамының айнасы түрінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: жарнама нарығы, қазақтілді жарнама мәтіндері, трансформация, кәсіпкерлік түрлері, Қазақ тілінің ұлттық корпусы.