Мәдени кодты скриптонимдердің лексика-семантикалық ерекшелігі (жергілікті ғұрыптық рәсімдер негізінде)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202519711
        93 58

Аннотация

Мақалада жергілікті ғұрыптық рəсімдер негізінде қалыптасқан мəдени кодты скриптонимдердің лексика-семантикалық ерекшеліктері қарастырылады.  Зерттеудің мақсаты – аймақтық ғұрыптық рәсімдерден бастау алатын, екінші мағыналы скриптонимдердің  лексика-семантикалық ерекшелігін талдау. Аймақтық рәсімдерге қатысты ақпарат лингвомәдени кодтарға трансформацияланады,  ол кодтардағы шифрленген ақпараттарды ашу – аймақтық этнотілдік сананың бірегейлігін анықтауға көмектеседі. Бұл зерттеуміздің өзіктілігін көрсетеді. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – жергілікті ғұрыптық рəсімдердің негізінде қалыптасқан  тілдік бірліктердің (скриптонимдердің) жеке-дара бөліп қарастырылуында. Мақалада скриптонимдердің диатопты (жергілікті) варианттарын анықтау үшін Қазақстанның бес аймағы: Оңтүстік, Шығыс, Батыс және Орталық Қазақстанда кездесетін рәсімдер мен  олар ұйытқы болған сакралды атаулар салыстырылып, зерттелді. Аймақтық тілдегі ғалам бейнесіне географиялық ауданның ерекшелігі, халықтың салт-жоралғылары, этностардың өзара мәдени ықпалы әсер ететіні анықталды. Зерттеу жұмысында талданған жергілікті ғұрыптық рәсімдер негізінде қалыптасқан скриптонимдер мен оларға берілген лингвомәдени-концептуалдық түсініктерді қазақ тілінің төл сөздерінің этимологиясын түсіндіруде, диалектологиялық сөздіктер түзуде қолдануға болады. Бұл зерттеудің құндылығын және практикалық маңыздылығын көрсетеді. Зерттеудің нәтижесінде: салт-дәстүр және әдет-ғұрып, ғұрыптық рәсім ұғымдарының байланысы мен айырмашылығы сараланды; код термині лингвомәдени аспектіде талданды; ғұрыптық рәсімдер ақпараттық қуаты күшті мəдени кодтарды (скриптонимдерді) қалыптастырушы көз ретінде қарастырылды; жергілікті ғұрыптық рәсімдер негізінде қалыптасқан скриптонимдерді талдау арқылы аймақтық этнолділдік сананың ерекшеліктері анықталды. Мақалада жергілікті ғұрыптық рәсімдерге  қатысты екіншілік мағынаға ие болған тілдік қолданыстардың мағынасын ашу үшін сапалық, соның ішінде контент-талдау әдісі қолданылды.

Түйін сөздер: скриптонимдер, лингомəдени кодтар, ғұрыптық рəсімдер,  салт-дəстүр, сакралды атаулар, тілдік кодтар, этнотілдік сана.

Авторлардың биографиясы

Р. Акегожаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Акегожаева Рая Нұрданқызы (корреспондент-автор) –PhD докторант, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: raya.nurdan91@gmail.com);

А. Мурзинова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Мурзинова Айгүл Серікқызы – PhD, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, қауымдастырылған профессорының м.а. (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: murzinova.aigul@qyzpu.edu.kz).

Жүктелулер

Как цитировать

Акегожаева R., & Мурзинова A. (2025). Мәдени кодты скриптонимдердің лексика-семантикалық ерекшелігі (жергілікті ғұрыптық рәсімдер негізінде). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 197(1), 4–17. https://doi.org/10.26577/EJPh202519711