Әдеби ертегінің архетиптік бейнелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph15
        21 20

Аннотация

Мақала әдеби ертегі жанрында жиі кездесетін архетиптік бейнелерді зерттеуге арналған. Кез-келген авторлық жұмыстың өзіндік ұлттық маңызы бар архетиптік бейнелердің белгілі бір жиынтығына негізделеді. Әр бейненің қайталанбас көркемдік, эмоционалдық, психологиялық, әлеуметтік және философиялық міндеттерді қамтитын өзіндік функциялары бар. Бұл міндеттер белгілі бір бейнені таңдағанда негізгі авторлық көзқарасты толық ашу үшін қолданылады. Қазақстандық фольклористикада осындай жарқын және жиі кездесетін бейнелердің бірі – жас неофиттің, ұл немесе қыздың бейнесі. Сондай ерекше қолданысқа ие болған – Тазша бала бейнесі, әдеби ертегі жанрында да жалғасты. Сонымен қатар, жалпы ертегілердің алғашқы кейіпкерлері болып табылатын жануарлар бейнесі мен олардың әрекеті мен мінез-құлқы да авторлық шығармаларда өзектілігін жойған жоқ. Автор жоғарыда аталған бейнелерді өз шығармасының желісін ашу арқылы жасөспірімнің «үлгілі» моделін анықтады. Мақаланың негізгі зерттеу объектісі ретінде Гүлдана Мұхтарбекқызының "Тазша бала: күнді қайтару", Зауре Төреханованың "Көшпенділер еліндегі Амина Тұран" және Әлібек Байболдың "Ормандағы жиын" жұмыстары таңдап алынды. Бейнелердің авторлық көзқарас пен функциясын ашу үшін пост-Фрейдизм талдау әдісі қолданылды. Когнитивті әдеби сын әдісі автордың/оқырманның миының жұмысы мен оның мәтіннің формальды сипаттамаларын (психопоэтика – кейіпкерлер жүйесі, сюжет элементтері және т.б.) көрінісі арасындағы корреляцияны анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бейнелердің және сюжеттік қатарлардың сандық көрсеткіштері мен олардың басым және перифериялық көрсеткіштерін анықтау үшін статистикалық әдіс қолданылды.   

Түйін сөздер: архетиптік бейне, сюжет, әдеби ертегі, мотив, инициация, автор, бейсана, миф.

 

Авторлардың биографисы

Э. Жанысбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Жанысбекова Эльмира (корреспондент автор) – PhD, аға оқытушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, email: ezhanysbekova010@gmail.com);

Л. Сафронова, Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Сафронова Людмила – профессор, доктор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан, email: dinass2002@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Жанысбекова, Е., & Сафронова L. (2025). Әдеби ертегінің архетиптік бейнелері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 196(4), 168–177. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph15

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение