Қазақ және ағылшын тілдеріндегі көркем шығармаларда әйел мінез-құлқының лексико-фразеологиялық тіркестер арқылы берілу ерекшелігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2025197110
        102 42

Аннотация

Қазіргі таңда когнитивті лингвистикада, лингвомәдениеттану саласында гендерлік фразеологизмдер мен «әйел» концептісінің когнитивті аспектісі туралы белсенді зерттеу жұмыстары жүргізіліп, дәлелді тұжырымдар жасалуда. Сондықтан әйел мінез-құлқының лексико-фразеологиялық тіркестер арқылы берілу ерекшелігін зерттеу өзекті мәселеге айналып отыр. Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты – қазақ және ағылшын тіліндегі көркем шығармалар негізінде әйел мінез-құлқын сипаттайтын лексико-фразеологиялық тіркестерді анықтау, олардың этномәдени айырмашылықтары мен ерекшеліктерін нақты мысалдармен дәлелдеу. Мұндай лексико-фразеологиялық тіркестердің қолданылу жиілігі мен құрылымын зерттеу арқылы сөздік қорымыздағы құнды фразеологиялық тіркестердің мәнін тұжырымдау идеясы назарға алынды. Зерттеу жұмысында жүзеге асқан сипаттамалы, салыстырмалы талдау, лингвистикалық құбылыстарды бақылау тәсілдері арқылы іріктелген әйел мінезін сипаттайтын лексико-фразеологиялық тіркестердің тізбегі дәлелді ғылыми негіз болса, ол тіркестердің көркем әдебиеттегі қолданысы және бүгінгі таңда тәжірибе жүзінде қолданыста болу-болмау мәселесі мақаланың ғылыми және практикалық маңыздылығын сипаттайды.

Зерттеу жұмысында қазақ және ағылшын тілдеріндегі көркем шығармаларда әйел мінез-құлқының лексико-фразеологиялық тіркестер арқылы берілуі және олардың ұлттық мәдениет пен дүниетанымға сай сипаты, қолданылуы, бағытталуы мәселесін талдау үшін қазақ және ағылшын прозаиктерінің және ақындарының көркем туындылары пайдаланылды. Соның негізінде әйел мінезін сипаттайтын лексико-фразеологиялық тіркестердің шығармалардың жазылу уақыты мен орнына, автордың сөз қолданысына, әр ұлтқа тән түпкі мәдениетке тән әр алуан болатыны дәлелденді. Осы бағытта лексикалық және салыстырмалы анализ тәсілдері жүзеге асырылды.

Қос тілдегі көркем шығармаларды іріктеп, зерттеу нәтижесінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі әйел мінез-құлқын беретін лексико-фразеологиялық тіркестер тізбегі құрылды, олардың мәні ашылды. Бүгінгі күні қолданыстан шығып қалған немесе тек көркем шығармаларда кездесетін әйел мінезін ашатын фразеологизмдерді анықтау және жаңғырту, оны ағылшын тіліндегі фразеологизмдермен салыстырмалы зерттеу тіл білімі саласына құнды үлес қоспақ. Мұндай лексико-фразеологиялық тіркестерді көркем шығармалардан іздеу, іріктеу және олардың жұмсалу ерекшелігін ұлттық менталитет тұрғысында тұжырымдау жүргізілген жұмыстың практикалық мәнін құрайды. Оны зерттеу, өзге тілдегі үлгілермен салыстыра талдау, тіліміздің бай табиғатынан хабар береді және қолданыстан шығып қалған фразеологиялық тіркестерді жаңғырту, қайта қолданысқа енгізу мәселесі – тіл білімінің түпкі мақсатын айқындайтын құндылық болмақ.

Түйін сөздер: қазақ және ағылшын тілі, әйел мінез-құлқы, лексико-фразеологиялық тіркестер, лингвомәдениеттану, көркем шығарма.

Авторлардың биографиясы

Б. Халым, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Халым Бота (корреспондент автор) – Phd докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: bota-@mail.ru);

Г. Смағұлова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Смагұлова Гүлдархан Нұрғазықызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан,e-mail: smagulova.g@mail.ru);

М. Аймағамбетова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Аймағамбетова Малика Муратовна – PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: aimagambetovamalika@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Халым, Б., Смағұлова, Г., & Аймағамбетова, М. (2025). Қазақ және ағылшын тілдеріндегі көркем шығармаларда әйел мінез-құлқының лексико-фразеологиялық тіркестер арқылы берілу ерекшелігі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 197(1), 113–122. https://doi.org/10.26577/EJPh2025197110