Профессор Алма Қыраубаева: ұлттық құндылықтар ұстанымы

Авторлар

  • Ф. Оразбаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0000-0002-7988-3023
  • Ж. Күмісбекова Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0007-2802-6658

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2025197117
        130 102

Аннотация

Мақалада оқу-білім жүйесінің сапасын арттыруды мақсат еткен ғалым-педагог, филология ғылымдарының докторы Алма Қыраубаева ұсынған ұлттық мектептің моделі мен оның басты ұстанымдары сөз болады. Ұстаздың авторлық бағдарламасы, оны енгізудің амал-тәсілдері мен нәтижесі «Сенім» бағдарламасы негізінде қарастырылады. Оқу үдерісінде апробациядан өткен Гуманитарлық Қазақ мәдениеті мектеп-лицейінің жұмыс жүйесі, инновациялық өзгешелігі білім берудегі үздік тәжірибелерді зерттеуге, саралауға, озық үлгілерді тиімді қолдануға ой тастайды. Сондай ақ Алма Қыраубаева мектебінің инновациялық қызмет моделі де қарастырылған.

Ғалым-педагог Алма Қыраубаева білім мазмұнына сай ұлттық мектептің ерекшелігін, ондағы оқу барысының жетістіктерін, оқушылардың ұтымды білім алуын психологиялық тұрғыдан ынта, жігер, белсенділік қасиеттермен бірлестікте дәйектейді. Ғалым-педагог Алма Мүтәліпқызы ұсынған қазақ ұлттық мектебі жаңа идеяға толы, әдістемелік және дидактикалық жағынан іргетасы берік педагогикалық ұстаным болып табылады. Ол қазақы құбылысты қалыптастыру мақсатында тарихи өзгерістерді, ұлттық құндылықтарды, ұлттық тіліміз бен ұлттық ділімізді бойына сіңіре алатын ұрпақ тәрбиелеу мәселесін көтере келіп, рухани болмысы бай, интеллектуал ұлт өкілін қалыптастыруды көздейді. Ғалым-ұстаз ұлттық мектепті дамыту жолдарын педагогикалық үдеріске негіздей отырып, инновациялық технологиялардың міндеті мен маңызын атап өтеді.

Түйін сөздер: жаңа мектеп, «Сенім» бағдарламасы, ұлттық мектеп моделі, авторлық бағдарлама, қазақы құбылыс

Авторлардың биографиясы

Ф. Оразбаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

Оразбаева Фаузия Шамсиевна ҚР ҰҒА Академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлтттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: f_orazbaeva@mail.ru);

 

 

 

Ж. Күмісбекова, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Кумисбекова Жазира Науатбековна – PhD докторант, Абай атындағы Қазақ ұлтттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: kumiszh@mail.ru).

 

Жүктелулер

Как цитировать

Оразбаева, Ф., & Күмісбекова, Ж. (2025). Профессор Алма Қыраубаева: ұлттық құндылықтар ұстанымы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 197(1), 183–191. https://doi.org/10.26577/EJPh2025197117

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы