Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» басылымдары: библиографиялық, типографиялық ерекшелік

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202519717
        56 29

Аннотация

Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының 1912-1928 жылдарда жарық көрген «Оқу құралы» оқулығы басылымдарының библиографиясы мен типографиялық ерекшелігі талданады. «Оқу құралы» деп аталатын желілес кітаптардың түпнұсқа басылымдары толық салыстырылып, олардың басылым тәртібі мен саны, оқулықтың түрлері мен бір-бірінен ерекшеліктері, «оқу құралы» атауының терминдік мәні мен бүгінге дейін кирилше жарық көрген басылымдар өзара жүйелі салыстырылып, оқулықтың қанша рет басылғаны және оның себептері сараланбаған. Мақалада талдау үш кезеңге бөліп жүргізілді: бірінші кезеңде «Оқу құралы» атауының терминдік мағынасы (дефиница) талданып, «алфба» атауымен байланысы, одан айырмашылығы көрсетеді; екінші кезеңде «оқу құралы» деп қандай оқулық түрлері атағаны қарастырылды. Нәтижесінде «Оқу құралы» басылымдары «әліппелер», «баяншы», «хрестоматия» атты үш топқа бөлініп, әр топқа қандай басылымдар жататыны кесте түрінде жіктеліп көрсетілді және оның жүйесі түсіндірілді; үшінші кезеңде «Оқу құралы» басылымдарының толық библиографиялық көрсеткішін жасау үшін түрлі ғылыми-публицистикалық әдебиеттер мен дереккөздерде кездесетін мәліметтер түпнұсқа еңбектермен салыстырылып, бұған дейін ағат берілген басылымдар анықталды, дерегі бар, табылмаған басылымдар туралы дәйектер ұсынылды және «Оқу құралының» 1912-1928 жылдар аралығында жарық көрген 23 басылымы анықталып, толық метадеректермен тізімі жасалды.

Түйін сөздер: Ахмет Байтұрсынұлы, «оқу құралы», «әліппе», библиография, типография.

Автордың биографиясы

Е. Маралбек, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Маралбек Ермұхамет (корреспондент автор) – PhD, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ахметтану бөлімінің меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: elahau@mail.ru)

 

Жүктелулер

Как цитировать

Маралбек, Е. (2025). Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» басылымдары: библиографиялық, типографиялық ерекшелік. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 197(1), 78–88. https://doi.org/10.26577/EJPh202519717