Тарихи-поэтикалық ішкорпус: ескі кітаби сөздердің семантикалық белгіленімі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2025198213
        114 25

Аннотация

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» (ҚТҰК) аясында XV-XIX ғасырлардағы халық ауыз әдебиеті үлгілерінің мәтіндерін қамтитын «Тарихи-поэтикалық ішкорпусты» әзірлеп жатыр. Осы ірі деректер базасын қалыптастыруда туындайтын өзекті мәселелердің бірі – аталған кезеңге тән ескі кітаби лексикалық тілдік бірліктердің семантикалық белгіленімін жасау қажеттілігі. Себебі дәл осы уақыт аралығындағы халық ауыз әдебиеті шығармаларында бүгінгі оқырман үшін мағынасы таныс емес күрделі лексикалық бірліктер кездеседі. Осыған орай біздің зерттеуіміздің мақсаты – жыр жолдарынада кездесетін мағынасы көмескі лексикалық бірліктердің мағыналарын анықтау және оларға семантикалық белгіленім әзірлеу. Бұл мақсатқа жету үшін, алдымен, семантикалық белгіленім әзірлеудің халықаралық тәжірибелерге назар аударылады. Атап айтқанда, орыс, татар және башқұрт тілдерінің ұлттық корпустарындағы сөздік семантикалық белгіленім тәжірибелері зерделенеді. Зерттеу барысында жыр жолдарындағы ескі кітаби сөздердің құрылымдық ерекшеліктеріне қарай қандай лексикалық бірліктердің семантикалық талдауға алынатыны қарастырылады. Сонымен қатар, семантикалық белгіленім әзірлеудің нақты алгоритмі мен оның функционалдық ерекшеліктеріне де талдау жасалады. Әзірленетін семантикалық белгіленім нәтижелері болашақта оқулықтар мен түсіндірме сөздіктерді құрастыруда, тарихи мәтіндерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру мен зерттеуде таптырмас құрал бола алады. Жалпы алғанда, бұл жұмыс қазақ тілінің бай тарихы мен мәдени мұрасын тереңірек түсінуге және оны келер ұрпаққа жеткізуге зор үлес қосады.

Түйін сөздер: тарихи-поэтикалық ішкорпус, ескі кітаби лексика, халық ауыз әдебиеті үлгілері, семантикалық белгіленім.

Авторлардың биографиясы

А. Сейітбекова, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Сейітбекова Айнұр Аташбекқызы (корреспондент автор) – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Қазақстан, Алматы, е-mail: Ainurseit@mail.ru);

А. Хабиева, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Хабиева Алмагүл Алтайқызы – филология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Қазақстан, Алматы, е-mail: a.a.khabiyeva@bk.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Сейітбекова, А., & Хабиева, А. (2025). Тарихи-поэтикалық ішкорпус: ескі кітаби сөздердің семантикалық белгіленімі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 198(2), 139–148. https://doi.org/10.26577/EJPh2025198213