Авторларға арналған ақпарат

Журналда материалдарды жариялау Open Journal System, онлайн жіберу және рецензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Корреспонденция авторы журналға жариялау үшін ілеспе хат ұсынуға міндетті.

Авторларға арналған талаптар:

  • «ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы» журналдың редакциялық алқасы ғылыми бағыттары бойынша бұрын жарияланбаған мақалаларды қабылдайды (сайтта көрсетілген). Мақала электрондық форматта (.doc, .docx, .rtf форматтарында) ТЕК журнал сайтының функционалымен жүктеу арқылы ұсынылады (Open Journal System).
  • Қаріп кеглі – 12 (аңдатпа, түйін сөздер, әдебиет - 10, кестелердің мәтіні – 9-11), қаріп – Times New Roman, туралау – мәтіннің ені бойынша, интервал – бірыңғай, абзац шегінісі  – 0,8 см, шеттері: жоғары және төменгі – 2 см, оң және сол жақ – 2 см.
  • Суреттер, кестелер, сызбалар, диаграммалар және т.б. нөмірленуі мен атауы көрсетіле отырып, тікелей мәтінде ұсынылады (мысалы, 1-сурет – сурет атауы). Суреттер, кестелер, сызбалар және диаграммалар саны мақаланың барлық көлемінің 20%-нан аспауы тиіс (кейбір жағдайларда 30% - ға дейін).
  • Мақаланың көлемі (атауын, авторлар туралы мәліметтерді, аңдатпаларды, түйінді сөздерді, библиографиялық тізімді есепке алмағанда) 3 000 сөзден кем болмауы керек және 7 000 сөзден аспауы тиіс.
  • Авторлар МІНДЕТТІ түрде Open Journal System жүйесіндегі ілеспе хатта жолданатын мақала/қолжазба бұрын еш жерде жарияланбағанын және мақалада оларға сілтемесіз басқа жұмыстардан алынған мәтін үзінділері жоқ екенін көрсетуі тиіс.
  • Мақаланы жариялау үшін ақы төлеу тәртібі мен құнын баспа үйі белгілейді және автор сыртқы рецензенттер мен ғылыми редактор мақұлдағаннан кейін ақы төлеуді жүргізеді. 

Мақаланың құрылымы  (мақаланы рәсімдеу үшін ҮЛГІ-ні қолданыңыз):

Алғашқы беті:

  • Алғашқы жол – ҒТАМР нөмірі, туралау – сол жағы бойынша, қаріп – жартылай қалың (қараңыз http://grnti.ru).
  • Мақала атауы (Тақырып) мақаланың мәні мен мазмұнын көрсетіп, оқырман назарын аударуы керек. Тақырып қысқа, мазмұнды болуы керек және жаргон мен қысқартулар болмауы керек. Тақырыптың оңтайлы ұзындығы 5-7 сөзден тұрады (кейбір жағдайларда 12 сөзге дейін). Мақала тақырыбы орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде ұсынылуы керек. Мақала тақырыбы қою, кіші әріптермен, туралау ортасында беріледі.
  • Мақала авторы (лар) – аты-жөні және тегі, жұмыс орны (үлестес) (Ескертпе: ЖОО-ның толық атауы көрсетіледі), мемлекет, қала (осы ретте сақталу тиіс)
  • Егер біргеше автор бір университеттен болса нумерация керек емес, тек әртүрлі университеттен болған жағдайда ғана нумерация қойылады
  • Қала, мемлекет – орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде; электрондық пошта. Авторлар туралы ақпарат әдеттегі қаріппен кіші әріптермен, ортасында туралау арқылы беріледі.
  • Төменде ортасында ORCID ID еренсілтемесі көрсетіледі. (Тіркелу үшін нұсқаулық – тіркелген файлдарда https://orcid.org/);
  • Андатпа көлемі орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде кемінде 160 сөз, 300 сөзден аспайтын, шрифт 10 болуы тиіс . Аңдатпа құрылымы келесі міндетті тармақтарды қамтиды.:
    • Кіріспе.
    • Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары және идеялары.
    • Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығының қысқаша сипаттамасы.
    • Зерттеу әдіснамасының қысқаша сипаттамасы.
    • Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдаулары, қорытындылары.
    • Жүргізілген зерттеудің құндылығы (осы жұмыстың тиісті білім саласына қосқан үлесі).
    • Жұмыс қорытындысының практикалық мәні.
  • Түйін сөздер – ең аз 5 сөз; қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде.

Келесі бет (жаңа):

  • Кіріспе келесі негізгі элементтерден тұрады: тақырыпты таңдауды негіздеу; мәселенің өзектілігі, зерттеу мақсаты. Алдыңғылардың тәжірибесін сипаттау негізінде тақырыпты таңдауды негіздеуде проблемалық жағдайдың болуы туралы хабарланады (зерттеулердің болмауы, жаңа объектінің пайда болуы және т.б.). Тақырыптың өзектілігі осы объектінің зерттелуіне жалпы қызығушылықпен анықталады, бірақ сұрақтарға толық жауаптардың болмауымен, ол тақырыптың теориялық немесе практикалық маңыздылығымен дәлелденеді; объектіні, пәнді, мақсаттарды, міндеттерді, әдістерді, тәсілдерді, гипотезаны және сіздің жұмысыңыздың мәнін анықтау. Зерттеудің мақсаты тезистің дәлелі, яғни зерттеу тақырыбын автор таңдаған аспектіде ұсынумен байланысты.
  • «Материал және әдістер» бөлімі материалдар мен жұмыс барысын сипаттаудан, сондай-ақ пайдаланылған әдістердің толық сипаттамасынан тұруы тиіс.
    • Зерттеу материалының сипаттамасы немесе сипаты оның сапалық және сандық жағынан көрсетілуін қамтиды. Материалдың сипаттамасы – тұжырымдар мен зерттеу әдістерінің дұрыстығын анықтайтын факторлардың бірі.
    • Бұл бөлімде проблеманың зерттелу дәрежесі сипатталады, бұрын жарияланған белгіленген рәсімдерді қайталамай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат беріледі; жабдықты (бағдарламалық қамтылымды) сәйкестендіру және материалдар мен әдістерді пайдалану кезінде міндетті түрде жаңалық енгізе отырып, материалдарды сипаттау пайдаланылады.
    • Ғылыми әдістеме мыналарды қамтуы керек:
    • – зерттеу сұрағы (сұрақтары);
    • – көтеріліп отырған гипотезаны (тезис);
    • – зерттеу этаптарын;
    • – зерттеу әдістерін;
    • – зерттеу қорытындыларын.
  • «Әдебиетке шолу» секциясында отандық және шетелдік авторлардың іргелі және жаңа жұмыстары, оларды авторлардың ғылыми үлесі тұрғысынан талдау, сондай-ақ автор өз жұмысында толықтыратын зерттеудегі олқылықтар қамтылуға тиіс.
    • Жұмысқа қатысы жоқ көптеген сілметелердің болуына ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.
  • «Нәтижелер мен талқылау» бөлімісіздің зерттеу нәтижелеріңізді талдауға және талқылауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында алынған нәтижелер туралы қорытынды беріледі, негізгі мәні ашылады. Және бұл мақаланың маңызды бөлімдерінің бірі. Онда олардың жұмысының нәтижелерін талдап, сәйкес нәтижелерін алдыңғы жұмысымен, талдаулары мен қорытындыларымен салыстырғанда талқылау қажет.
  • Қорытынды, тұжырымдар– осы кезеңдегі жұмыс нәтижелерін қорыту және қорытындылау; автор алға қойған тұжырымның растығын және алынған нәтижелерді ескере отырып, ғылыми білімнің өзгеруі туралы автордың қорытындысын растау. Қорытынды абстрактілі болмауы керек, оларды белгілі бір ғылыми саладағы зерттеу нәтижелерін қорытындылау үшін, ұсыныстарды немесе одан әрі жұмыс істеу мүмкіндіктерін сипаттай отырып қолдану керек.
    • Қорытындыда мынадай тармақтар болуы тиіс: зерттеудің мақсаттары мен әдістері қандай болды; зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары; зерттеудің келешегі және әзірлеуді енгізу, қолдану мүмкіндіктері.
  • Қаржыландыру егер зерттеу қаржыландырылса, қаржыландыру көзін көрсетуге болады.
  • Мақала авторларының үлесі – қолжазбаның соңында авторлар CRediT таксономиясына сәйкес әр автордың үлесін көрсететін мәлімдеме ұсынуы тиіс. Авторлардың үлесі туралы мәлімдеме екі немесе одан да көп авторы бар қолжазбалар үшін міндетті болып табылады.
  • Мүдделер қақтығысы – мүдделер қақтығысы оның жоқ болған жағдайда да, бар болған жағдайда да нақты көрсетілуі тиіс.
  • Әдебиеттер және References – пайдаланылған әдебиеттер тізімі кемінде 15 атаудан тұруы тиіс. Соңғы бес жылдағы зерттеулер әдебиеттер тізімінің 50%-ын құрауы қажет. Оның ішінде:
  • осы ғылым саласында қолданылатын негізгі ғылыми жарияланымдар мен озық зерттеу әдістеріне (автор жұмысы соған сүйенетін) сілтемелер беріледі;
  • шамадан тыс өзін-өзі дәйексөздеуден (self-citation) аулақ болыңыз;
  • шетелдік авторлардың жарияланымдарына сілтеме беру құпталады;
  • библиографиялық тізімде зерттеу тақырыбына қатысты, қазіргі ғылым үшін өзекті, белгілі шетелдік ғалымдар жариялаған іргелі еңбектер қамтылуы тиіс.

ӘДЕБИЕТТЕР тізімі: еңбектердің атаулары түпнұсқа тілінде беріледі және мәтіндегі дәйексөз келтіру (цитаталау) ретімен орналасады; рәсімделуі – APA7 (ГОСТ емес). APA Style сілтемесі: apastyle.apa.org.

REFERENCES тізімі: әліпби ретімен беріледі. Рәсімделуі – APA7. APA Style сілтемесі: apastyle.apa.org.
Қазақ/орыс/түрік және т.б. (ағылшыннан басқа) тілдердегі дереккөздер латын графикасымен беріледі [шаршы жақшада атаудың ағылшынша аудармасы көрсетіледі]. Латынша транслитерация: www.translit.ru

  • Авторлар туралы мәлімет үш тілде ұсынылады.

 

Мақала жариялау құны - 60000 теңге 

Реквизиттер:

 «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Индекс 050040

Мекенжай: Алматы қ.,  Әль-Фараби даңғылы 71

БИН  990140001154

КБЕ  16

АО «First Heartland Jýsan Bank»

ИИК   KZ19998CTB0000567141 – тенге

ИИК   KZ40998CTB0000567151 – USD

БИК  TSESKZKA