Тіларалық фразеологиялық сәйкестіктер (ағылшын және орыс тілдерінің материалдары негізінде)
Аңдатпа
Бұл мақала ағылшын және орыс тіліндеріндегі фразеологиялық бірліктердің салыстырмалы зерттеуіне арналған. Салыстырмалы зерттеу бойынша фразеологиялық бірліктердің салыстырылып отырған тілдер жүйесіндегі толық және жартылай баламалары бар және мүлдем баламасыз фразеологизмдерді анықтауды мақсат етеді. Зерттеу деректерінде түсіндірме, аударма мен түрлі фразеологиялық сөздіктер, интернет дерек көздеріндегі материалдар қарастырылған. Фразеологиялық бірлік мәдени-ақпараттық құндылықтың барлық жүйесін қамтығандықтан, халық шығармашылығының ерекше бір саласы болғандықтан да зерттеу нысаны болып отыр.








