К. Қазыбаевтың «Сұрапыл » романындағы заман шындығы. Достоверность изображения действительности в романе К. Казыбаева «Сурапыл».

Авторы

  • Z. Ermaganbetova Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
  • A. Aitbaeva Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
        202 35

Ключевые слова:

заман шындығы, тарихи шығарма, қаламгер шеберлігі, образдар жүйесі, жазушының қиялы, социальная правда, историческая тема, мастерство художника, система образов, фантазия писателя,

Аннотация

Автор мақалада К. Қазыбаевтың «Сұрапыл» романындағы заман шындығы мәселесін қарастырады. Кәкімжан Қазыбаев – әдебиет тарихындағы өз орны, өзіндік қолтаңбасы бар жазушы. Оның қаламынан туған шығармалар заман шындығын бұрмаламай көркем тілмен жеткізе білуімен құнды. Солардың бірі – «Сұрапыл» романы. Шығармада қазан төңкерісінен кейінгі жаңа үкімет пен ішкі-сыртқы жаулардың тайталасы, кімге сенерін білмеген қарапайым халықтың жай-күйі, колхоздастыру кезеңіндегі шолақ белсенділердің әрекеттері әсерлі баяндалған. Сонымен бірге Голощекиннің билігі тұсындағы адам төзгісіз зардаптар, аштық жылдарының ащы дәмін сездіретін түрлі оқиғалар боямасыз суреттелген. Автор бір әулеттің тағдыры арқылы репрессия жылдарының ащы шындығын бейнелейтін романның тілі, сюжеті, образдар жүйесі туралы ойлар айтады. Суреткер шеберлігін, жазушының көркем қиялының қуаттылығын айқындауда романнан нақты мысалдар келтіреді, салыстырмалы талдаулар жасайды. Көркем прозадағы уақыт пен заман ақиқатының ақтаңдақ беттерін әсірелемей шындықты заман тынысымен үндестіре білген жазушының шеберлік қырлары туралы пайым жасайды. В статье автор рассматривает вопросы отображения исторической правды в романе К.Казыбаева «Сурапыл». Автор статьи выражает свою точку зрения относительно языка, сюжета, системы образов романа, делает сопоставительный анализ. С целью продемонстрировать мастерство, художественный замысел писателя приводит примеры из романа. В заключение автор статьи приходит к следующему выводу: в своем прозаическом произведении писатель не стремится «преувеличить» «белые пятна» истории, а пытается рассказать правду об описываемом историческом времени и событиях того времени в их взаимосвязи, в чем и заключается, по мнению автора данной статьи, художественное мастерство писателя.

Библиографические ссылки

1 1. Байжанов С. Өткеннен мұрағат – өркенге ұлағат. – Алматы: Қазақстан, 1998. – 478 б.
2 2. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы: Ғылым,
1998. – 208 б.
3 3. Қазыбаев К. Сұрапыл. – Алматы: Қайнар, 1995. – 524 б.

Загрузки

Как цитировать

Ermaganbetova, Z., & Aitbaeva, A. (2016). К. Қазыбаевтың «Сұрапыл » романындағы заман шындығы. Достоверность изображения действительности в романе К. Казыбаева «Сурапыл». Вестник КазНУ. Серия филологическая, 153(1). извлечено от https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1450