Учение Коркыт Ата

Авторы

  • A., Nusipalikyzy
        22 105

Аннотация

Бұл мақалада Қорқыт атаның өз ұрпағына айтқан өнеге, тағылымдары жайлы сөз етілмек. Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Қорқыт мұраларының ақыл-нақылға құралған шешендік нақыл сөздерінің аз кездеспейтінін байқауға болады. Нақыл сөздерінде ырғақ, ұйқасқа құралған мазмұны терең ұшқыр да ұтымды ой анық аңғарылып, бүгінгі күнде де өз тәрбиелік мәнін жоғалтпаған. Қорқыт мұрасы ертеңгі зиялы азамат ретінде елінің шын патриоты болып өсуімізге ықпалы зор, сондықтан Қорқыт атаның нақыл сөздерін әр жастағы адам өзінше оқып, өзіне керегін алып, өмірлік тәжірибеде қолдануы қажет. Осы болмысымыз бен дүниетанымызды келер ұрпақтарымыз да мәңгілікке жалғастырып, адамзат өркениетінің тарихында лайықты орнымызды иелену үшін біз Қорқыт Ата мұрасын зейін қоя оқып, өзімізден кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге етуіміз қажет. Қорқыт Ата тағылымын қайта жаңғыртып, оларды өскелең ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіндегі маңызды құрал ретінде қарастыру – заман талабы мен қоғамның қажеттілігінен туындап отырған құбылыс екендігін сезіне отырып, Қорқыт Ата өсиеттерін өскелең ұрпақтың тәрбиесінде пайдаланудың тиімді жолдарын онан әрі қарастырған жөн.

Загрузки

Как цитировать

Nusipalikyzy, A. (2018). Учение Коркыт Ата. Вестник КазНУ. Серия филологическая, 169(1), 38–42. извлечено от https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2143