Проблема концептуальной интеграции и её понимание в англоязычных текстах
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v183.i3.ph1Аннотация
Мақалада ағылшын тіліндегі мәтіндерді түсіну мен оның концептуалды интеграциясы қарастырылады. Соңғы жылдары мәтін лингвистикасының қарқынды дамуы нәтижесінде, мәтін зерттеу объектісіне айналғанын көре аламыз. Бұл тілдік бірліктердің мазмұндық жағын зерттеуге кең мүмкіндіктер ашады. Тіл ойды жүзеге асырушы және қарым-қатынас құралы ретінде ойлау жүйесінің заңдылықтарына бағынады. Өз кезегінде бұл заңдылықтар объективті шындықтың құбылыстары мен үрдістерін көрсетеді. Сондықтан ойлау үрдісі арқылы жүзеге асатын мәтінді тілдік қызметтің өнімі ретінде зерттеу тек лингвистикада ғана жүзеге аспайды, сонымен қатар ғылымның өзге де салаларында қарастырылады.
Мәтінді зерттеу оның маңыздылығы туралы мәселені қамтиды.Лингвистер, психологтар және когнитологтар ой мен мәтін құраудың арасындағы байланысқа қатысты сұрақтарға жауап іздегенде, әдетте мәтін мағынасы дайын жүйе негізінде қалыптасып, сөйлеу түрінде ғана жүзеге асады деген болжамға негізделеді. Іс жүзінде мәтінді түсіну-- үрдісі өте күрделі құбылыс. Себебі ол бірнеше кезеңдерден өту арқылы қалыптасады.
Мәтін мәнісін қалыптастыру үрдісі, яғни түсініксіз ойды нақты және кең ауқымды тілдік хабарлама және тілдік ақпарат тізбегіне айналдыру үрдісі өте күрделі болғандықтан, арнайы зерттеуді қажет етеді.
Белгілі бір тілде сөйлей білу - сөйлеушінің мәтін мен мәтінге жатпайтын сөздер жиынтығы мен сөйлемдерді ажырата алу қабілеті. Ол тек жекеленген сөздер мен құрылымдар жөніндегі білімге негізделмейді, ол тілдің нақты бір жағдайдағы рөлін түсінуге негізделеді. Сонымен қоса тілдің рөлі тек мәтін ретінде қажеттілік туған жағдайда ғана танылады. Бұл мәтіннің пайда болуына ықпал ететін тілдің мәтіндік функциясы деп аталады.
Түйін сөздер: мәтін, тіл, сөз, концептуалды интеграция, түсіну, ой өрісі, енгізу өрістері, мәнмәтін, жалпы өріс.