«ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы» – 1992 жылы негізі қаланған, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығаратын рецензияланатын ғылыми басылым.
Шығу жиілігі: жылына 4 нөмір (тоқсан сайын).
Мақсаты мен тақырыптық бағыты
Журнал филология ғылымдары, гуманитарлық зерттеулер және тілдік білім беру салаларындағы түпнұсқа ғылыми зерттеулер мен аналитикалық шолулардың нәтижелерін жариялайды, соның ішінде (бірақ олармен шектелмей) келесі бағыттарды қамтиды:
• Жалпы, қолданбалы, социолингвистика, психолингвистика және компьютерлік лингвистика;
• Әлем тілдері және салыстырмалы лингвистикалық зерттеулер;
• Аударматану теориясы мен практикасы;
• Әдебиеттану және көркем мәтіндерді талдау;
• Мәтінтану және дискурстық зерттеулер;
• Тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі;
• Филология саласындағы инновациялық білім беру технологиялары;
• Мәдениетаралық коммуникация және тіл саясаты;
• Тіл, әдебиет және аударматанудың заманауи даму үрдістері.
Рецензиялау
Барлық қолжазбалар бастапқы редакциялық іріктеуден өтеді және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен екі жақты “жасырын рецензиялау” (double-blind peer review) тәртібі бойынша қаралады. Журнал бұрын жарияланбаған, әрі басқа басылымдардаға қарастыруға берілмеген, тың материалдарды қабылдайды. Қолжазбаны жариялауға қабылдау туралы шешім – ғылыми маңыздылығы, түпнұсқалығы, әдіснамалық негізділігі және журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігі критерийлері негізінде қабылданады.
Редакциялық саясат және жарияланым этикасы
Журнал академиялық адалдық және жарияланым этикасы қағидаттарын ұстанады және төмендегілер бойынша рәсімдерді қолданады:
- академиялық адалдық қағидаттарын өрескел бұзу болып табылатын – плагиат жасалынған мәтіндерді және жарияланым этикасының өзге де бұзушылықтарын анықтау;
- мүдделер қақтығысын жариялау және реттеу;
- авторлардың өтініштерін қарау (рецензиялау нәтижелері бойынша шағымдар мен апелляциялар);
- негіз болған жағдайда жарияланымдарға түзетулер енгізу және оларды кері қайтарып алу (ретракция)
Бұлар жайында толығырақ қағидалар мен ережелерді журналдың сайтындағы «Редакциялық саясат» және «Жарияланым этикасы» бөлімдерінен табуға болады.
Ашық қолжетімділік (Open Access) және лицензиялау
Мақалалар журнал сайтында ашық қолжетімділік режимінде жарияланып, толық мәтін түрінде қолжетімді. Жарияланымдар Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясының шарттарымен таратылады. Материалдар журналдың тілдік саясатына сәйкес, үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде – ұсынылады.
DOI және метадеректер
Әрбір жарияланған мақалаға DOI номері беріледі; тіркеу Crossref арқылы жүзеге асырылады. Бұл – жарияланымдарды тұрақты сәйкестендіруді, дұрыс дәйексөз келтіруді және ұзақ мерзімді қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Редакциялық алқа
Редакциялық алқа құрамына жарияланымдардың ғылыми сапасын және журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігін қамтамасыз ететін отандық және шетелдің жетекші ғалымдары кіреді.
Индекстеу және тарату
- CrossRef
- Digital object identifier (DOI)
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
- «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО)
- Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі (РҒДИ)
- WorldCat
- EBSCO
- ROAD
Жарияланым үшін төлем
Жариялауға қабылданған қолжазбалар үшін жарияланым төлемі белгіленген: бір мақала үшін 60 000 теңге. Төлем қолжазба жариялауға қабылданғаннан кейін алынады. Ол редакциялық шешімге және рецензиялау үдерісіне әсер етпейді. Төлемді растайтын құжат (түбіртек – PDF немесе JPEG форматында) авторлар тарапынан редакцияның электрондық поштасына жіберіледі.








