Ғылыми этика қағидаттарын бұзғаны үшін автор Сарбасов Болатбектің мақаласы 2016 жылғы №2 (160) санынан ретракцияланып, алынып тасталды.
Ғылыми этика қағидаттарын бұзуына байланысты автор Сарбасов Болатбектің «Қазақ фольклорындағы бөрі бейнесі» атты мақаласы (Сарбасов Болатбек, қауымдастырылған профессор м.а., филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) 2016 жылғы № 2 (160) санынан ретракцияланып, алып тасталды.
Сондай-ақ журнал редакциясы жарияланым этикасы қағидаттарын бұзғаны үшін автор Сарбасов Болатбектің осы журналда материалдарын жариялауға үш жыл мерзімге тыйым салу туралы шешім қабылдағанын хабарлаймыз (автор академиялық адалдықты бұзған автор ретінде танылды).







