XV-XVIII ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясы тіліндегі жаңа фразеологиялық оралымдар. Новые фразеологические обороты в поэзии акынов и певцов жырау XV-XVIII вв.

Авторлар

  • Zh. A. Abdrahmanova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
        105 237

Кілттік сөздер:

фразеологизм, окказионализм, ақын, жырау, поэзия, тосын тіркестер, ескірген және жаңарған фразелогизмдер, окказионал фразеологизм, акын, случайные сочетания, устаревшие и обновленные фразеологизмы, окказиональные сочетания,

Аннотация

Бұл мақалада эпостық және лиро-эпостық жырларда кездесетін окказионал фразеологизмдердің ерекшеліктері анықталып, жыраулар поэзиясындағы кей тосын тіркестердің қалыпты фразеологизмдер қатарына еніп, жалпы халықтық қолданысқа түсіп кеткендігі көрсетіледі. Қазақ поэзиясының алқашқы үлгілерін жасаған жыраулар поэзиясында фразеологиялық варианттармен қатар тосын пайда болған окказионал тіркестер де көптеп кездеседі. Жыраулар поэзиясы кедейлікке, әділетсіздікке, табиғатқа, өмір мен өлімге, заман ағысына, өнерге, адамгершілікке байланысты елбасы және билерге сын айту, туған жерді сипаттауға арналғандықтан, мұндай жырларда мазмұндық, тақырыптық, буын саны, ұйқас түрі, құрылысы жағынан ұқсастық басым болады. Дегенмен әр жыраудың өзіндік ерекшелігінің арқасында әртүрлі авторлық жаңа қолданыстар, яғни окказионал тіркестері пайда болып отырған. Кей жағдайда ақын-жыраулар тіліндегі жеке авторлық фразеологизмдер көнеріп, тілдің пассив қабатына ауысады немесе қайта өңдеу, жаңарту арқылы окказионал варианттары пайда болады. В этой статье будут определены различия окказиональных фразеологизмов, которые встречаются в эпосах и лирических эпосах, а также приведены примеры того, что некоторые случайные сочетания в эпических поэзиях получили общенародное применения как фразеологизмы. На первоначальных эпических поэзиях казахской поэзии наряду с фразеологическими вариантами часто встречаются и окказиональные сочетания. Так как эпические поэзии посвящены бедности, неравенству, природе, жизни и смерти, течению времени, исскуству, критике глав государств и биев, описанию родной земли, в таких эпосах можно найти схожесть в содержании, теме, числе слогов, рифме и структуре. Однако, в силу характерных различий акынов образовались новые авторские применения или окказиональные сочетания. В отдельных случаях некоторые авторские фразеологизмы акынов устаревают и перемещаются в пассивную часть языка или путем пересмотра и обновления возникают окказиональные варианты.

Библиографиялық сілтемелер

1 Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын жырауларының шығармалары.–Алматы: Жазушы, 1984. – Т.1. – 256 б.
2 Айтбаев Ө. Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. – Алматы, 1975. – 41 б.
3 Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын жырауларының шығармалары.–Алматы : Жазушы, 1984. – Т.2. – 336 б.
4 Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын жырауларының шығармалары.–Алматы : Жазушы, 1985. – Т. 3. – 352 б.
5 XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы. Редакциялық коллегия. – Алматы: Ғылым, 1982. – 193 б.
6 Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. – Алматы: Мектеп, 1995. – 172 б.

Жүктелулер

Как цитировать

Abdrahmanova, Z. A. (2015). XV-XVIII ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясы тіліндегі жаңа фразеологиялық оралымдар. Новые фразеологические обороты в поэзии акынов и певцов жырау XV-XVIII вв. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 148(2). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/115