Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романындағы бейвербалды амалдардың ұлттық-мәдени сипаты
Кілттік сөздер:
бейвербалды амал, ым, ишарат, ұлттық мәдениет, ұлттық бейвербалды амалдар, әмбебап бейвербалды амалдар.Аннотация
Мақала бейвербалды бірліктердің тілдік, ұлттық-мәдени сипатын анықтауға арналады. Бейвербалды амалдар адамдардың өзара түсінісуіне жол ашады, адамдардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Бейвербалды амалдар вербалды ақпараттардың мазмұнын толықтырып қана коймайды, сонымен бірге, сөйлеуші жайында, оның әлеуметтік мәртебесі, жастық ерекшеліктері, мінез-қасиеттері туралы хабар беретініне жинастырылған мысалдар арқылы көзіміз жетті. Қатысымның бейвербалды амалдарын жинастыру, топтау, түрлі деңгейдегі тілдік сараптама жасау мен паратілдік амалдардың түрлерін анықтау тілдік бірліктердің лексикалық, грамматикалық мағыналарын толық ашуға, тіл білімі теориялық және тәжірибелік түсінігімізді кеңейтуге, паралингвистика ғылымы туралы түсінігімізді кеңейтуге мүмкіндік береді. Үнемдеу құбылысының бейвербалды амалдар арқылы қалай жүзеге асатынын анықтау мәселесі де қол жеткізген маңызды ақиқаттардың бірі екенін айта кету керек. Ұлттық мәні бар ым-ишараттардың семантикасын түсіну, анықтау мақсатында «Үркер» романы таңдап алынды.Жүктелулер
Как цитировать
Shalabay, B., & Shakirova D. Т. (2016). Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романындағы бейвербалды амалдардың ұлттық-мәдени сипаты. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 155(3). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1486
Шығарылым
Бөлім
Языкознание