Синтаксистің негізгі объектісі – есімшелі оралым жайында. Причастный оборот как основной объект синтаксиса.

Авторлар

  • R. K. Umyrbekova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы
        74 113

Кілттік сөздер:

етістік, сөз тіркесі, сөйлем мүшесі, баяндауыш, етіс, рай категориясы, сөз таптары, есімше, оралым, бағыныңқы сыңар, басыңқы глагол, словосочетание, член предложения, сказуемое, залог, виды наклонений, части речи, причастие, оборот, придаточное, главное,

Аннотация

Мақалада сөз тіркестерін есімді, етістікті деп бөлу олардың басыңқы сыңарларының қай сөз таптарынан болуы, соның ішінде етістікті сөз тіркестерінің морфологиялық, құрылымдық түрлері рөлінің әртүрлілігі сөз болады.Етістіктердің басыңқы қызметте жұмсалуы мен оның осы қызметтегі ерекшеліктері туралы М. Балақаев, Р. Әміров, Т. Сайрамбаев, Ә. Әбілақов, т.б. ғалымдар едәуір дәрежеде пікір айтқаны белгілі. Етістіктің басыңқы қызметімен бірге енді басыңқы сыңарларының бағыныңқы сыңарларға ауысу процесіне тоқталмақпыз. Ол үшін етістіктің әртүрлі категорияларының сөз тіркесінің басыңқы сыңарында жұмсалу ерекшелігі, есімшелі оралымның синтаксистегі ең күрделі мәселенің бірі екендігі, бұл сияқты оралымдарды әртүрлі түсіндіру түбегейлі шешім таба қоймаған мәселе екендігі сөз болады. Әрине, есімшелі оралымдарды нақты айту, ең алдымен, етістіктің негізгі ерекшеліктерін жан-жақты көрсету арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан да етістіктің категорияларының сөйлемде қолданылу орындарын айқындаудың да негізгі мәселені шешуге себебі мол тиетіні анық. Басқа сөз таптарына қарағанда етістікті сөз тіркесі сөйлем мүшелері жағынан да едәуір көп айтылып келе жатқан сөз табы. Осыған байланысты бұл жерде етістіктің сөз тіркесі мен сөйлем мүшесінде баяндауыш қызметінде жұмсалуының өзіндік ерекшеліктерін айқындау ең қажет факт екендігі қарастырылады. В данной статье речь пойдет о словосочетаниях, которые по своей природе, в зависимости от части речи, к которой относится главное слово, делятся на именные и глагольные. Также речь будет идти о морфологической и структурной стороне глагольных словосочетаниях, об их исполняемой роли. Известно, что о способах применения и особенностях в использовании глаголов как главных в словосочетании высказывались ученые М.Балақаев, Р.Әміров, Т.Сайрамбаев, Ә.Әбілақов и др. Помимо всего этого, следует обратить внимание на процесс перехода главного глагола в придаточный. Далее речь пойдет о причастном обороте, как об одной из сложных проблем синтаксисе, и о проблемах многих других оборотов. Приступая к разговору о причастном обороте, прежде всего, следует осветить все основные особенности глагола. Именно определение роли глагола в предложении может явиться причиной решения проблем в синтаксисе. В отличие от других частей речи глагольное словосочетание, даже по членам предложении, часто используемая часть речи. В связи с этим здесь рассматриваются особенности функций глагола в словосочетаниях и предложениях, выступающего в роли сказуемого.

Библиографиялық сілтемелер

1 Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1992. – C. 294.
2 Болатов Ж. Синтаксические функции причастия в казахском языке: Автореф. канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1955. –C. 36.Синтаксистің негізгі объектісі-есімшелі оралым жайында ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 2(148). 2014
3 Иманалиева Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі шылаулардың синтаксисі: Филология ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты. Алматы, 1994. – C. 41.
4 Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы: Мектеп, 1971. – C. 351.

Жүктелулер

Как цитировать

Umyrbekova, R. K. (2015). Синтаксистің негізгі объектісі – есімшелі оралым жайында. Причастный оборот как основной объект синтаксиса. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 148(2). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/160