Көркем мәтін прагматикасын корпустық лингвистика кеңістігінде зерттеу
Кілттік сөздер:
компьютер, корпустық лингвистика, корпус, мәтін, прагматика.Аннотация
Қазіргі таңда технологияның жедел дамуы тіл білімінде жаңа салалардың тууына алып келді. Осындай саланың бірі – қолданба лы лингвистиканың аясында пайда болған – корпустық лингвистика саласы. «Корпус» дегеніміз компьютердің жадына электронды түрде негізделген лексикалық, грамматикалық бірліктері толықтай қам тылған мәтіндер жиынтығы. Корпустың маңыздылығы оның мәтін ді аннотациялауында, соның негізінде сөз қолданысының коммуни кативтік-прагматикалық қызметін айқындайтын мәтіндерге талдау жасау мақсаты қойылуында. Корпусқа енгізілетін мәтіндер әр түрлі жанрларды (көркем әдеби тіл, публицистика, ғылыми-техникалық мәтіндер т.б.) қамтиды. Мәтіндерді іріктеу семантикалық талдау жа сау компьютердің мүмкіндігіне орай жасалады. Яғни бұл жүйедегі зерттеу ауқымының сандық сипаты мен сапалық мәні сабақтастығы. Компьютерлік технологияның көпқырлылығы мәтін лингвистикасы, мәтіндік талдау мәселелерінің қарқынды дамуына үлкен мүмкіндік туғызады. Осы ғылымның пайда болуы және ақпараттандыру жүйесі мен ғаламтордың жаһандануы, тіл біліміне үлкен өзгерістер енгізіл ді. «Корпустық лингвистика» ғылым саласы ретінде қазақ тіл біліміне енді ғана еніп келеді. Қазақ тіл білімінде корпустық лингвистиканың бастапқы теориялық негіздері, бастау ұғымдары туралы ұлттық әде би мәтіндер корпусының мақсат-міндеттері мен оларға қойылатын талаптар және т.б. мәселелер ғылыми талқыға түсуде.
Библиографиялық сілтемелер
2 2.Шалабаев Б. Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері. Филол. ғыл. д ... дисc. – Алматы, 1977. –
44 б.
3 3.Шайкенова А.Ж. Көркем мәтін және дискурстық талдау. Филология студенттеріне арналған оқу құралы. – Петропавл,
2012. – 8 б.
4 4.Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Электронды нұсқасы.
5 5.Кекілбаев шығармалары Ә. Электронды нұсқасы.
1 1.Jubanov Q. Qazaq tіlі jo’nіndegі zerttewler. – Almati’, 2010, – 148 b.
2 2.Shalabaev B. Ko’rkem proza tіlіn zerttewdіng ghi’li’mi’’-teori’’yali’q negіzderі. Fi’’lol. ghi’l. d ... di’’sc. – Almati’, 1977.
– 44 b.
3 3.Shaykenova A.J. Ko’rkem ma’tіn ja’ne di’’skwrsti’q taldaw. Fi’’lologi’’ya stwdentterіne arnalghan oqw qurali’. – Petropavl,
2012. – 8 b.
4 4.Qazaq a’debi’’ tіlіnіng so’zdіgі. E’lektrondi’ nusqasi’.
5 5.Kekіlbaev shi’gharmalari’ A’. E’lektrondi’ nusqasi’.