Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы көркемдік шындық
Кілттік сөздер:
тақырып және идея, роман-эпопея, қазақ халқының саяси-әлеуметтік тәуелсіздігі, көркемдік жинақтау, өмір шындығы.Аннотация
Мақалада қазақ прозасының көрнекті өкілі Шерхан Мұртазаның шығармалары, атап айтқанда «Қызыл жебе» романының идеялықкөркемдік және құрылымдық ерекшеліктері жөнінде талдау жасала ды. Бес кітаптан тұратын роман-эпопеяның жанрлық ерекшеліктерін ашатын сипаттарды атап көрсетеді. Роман-эпопеяның бас кейіпкері – ХХ ғасырдың басында Кеңестер Одағы бойынша басшы қызметте болған аса көрнекті мемлекет қайраткері, қазақ халқының ұлы пер зенті Тұрар Рысқұлов. Роман-эпопеяда Тұрар Рысқұловтың бала кезі нен өзі өмірін арнаған өкіметтің үкімімен өлім жазасына кесілгенге дейінгі өмірі мен қызметі толық қамтылады. Авторлардың айтуынша, «Қызыл жебеде» Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі толық қам тылғанмен, оны өмірбаяндық шығарма деп қабылдауға болмайды. Өйткені роман-эпопеяда тарихи тұлғаның өмірі мен қызметі арқылы халық бейнесі, тұтас бір елдің өмір-тарихы аясында бүкіл бір дәуір дің аса ірі саяси-әлеуметтік шындық оқиғалары көрініс тапқан. «Қы зыл жебеде» суреттелген шындық – халық өмірінің шындығы. Бас кейіпкерлер Рысқұл мен Тұрарға тән қасиеттерді жинақтап, сала бо йынша көрсетеді.Жүктелулер
Как цитировать
Дадебаев, Ж. Д., & Мусалы, Л. Ж. (2016). Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы көркемдік шындық. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 158(6). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1698
Шығарылым
Бөлім
Литературоведение