Көдек Байшығанұлының «Үркін» дастаны

Авторлар

  • А. А. Ospanova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
        34 19

Кілттік сөздер:

Көдек Байшығанұлы, «Үркін» дастаны, қазақ әде¬ биетінің тарихы, Қарқара көтерілісі, ақындық шеберлік тәсілдері, тіл шеберлігі, көркемдік шешім, толғау, патша заманындағы ел тағдыры, 1916 жылдың оқиғасы.

Аннотация

Қазақ әдебиетінің тарихында шығармашылық ғұмырбаяны кейін­ гі кезеңде ғана толық зерттеуге тартылып отырған қаламгердің бі­ рі – Көдек Байшығанұлы. Ақын шығармашылығының негізгі арқауы – ел басынан өткен ХХ ғасыр басындағы аумалы-төкпелі ауыр кезең. Қазақ әдебиетінде 1916 жылдың елді дүбілтіп, ен жайлап отырған жерінен ауа көшірген ақ патшаның зілді бұйрығынан кейінгі оқиға­ лардың тарихи шындығы кең ауқымда көркемдік өріске тартылған. Прозада да, поэзияда да сол бір күндердің ақиқаты баяндалды. Бұл тақырып – қазақ әдебиетінің дамуындағы көкейкесті тақырыптар­ дың бірі болып қалыптасты. Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Асқар Сүлейменов, т.б. сөз зергерлері дүрбелең уақыт аясындағы адам тағдырлары тұр­ ғысында шынайы шеберлік тұнған прозалық шығармаларын жазды. Мақала авторы Көдек Байшығанұлының ақындық шеберлік тәсілдері, оның поэзиясындағы дәстүрлі үлгілер мен дара ақындық машық, тіл шеберлігі, замана ақиқатын саралау, тану өресі тұрғысында пайым­ даулар жасайды.

Библиографиялық сілтемелер

1 1.Байшығанұлы К. Қайтейін, жалған дүние... өлеңдер, толғау, дастандар, жоқтау-дауыстар / Құраст. Нұрлан Әбдібеков.
– Алматы: Тоғанай Т., 2008. – 336 б.
2 2.Мұқанов С. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті: – Алматы: Атамұра, 2008. – 384 б.


1 1.Bayshi’ghanuli’ K. Qayteyіn, jalghan du’ni’’e... o’lengder, tolghaw, dastandar, joqtaw-dawi’star / Qurast. Nurlan A’bdіbekov.
– Almati’: Toghanay T., 2008. – 336 b.
2 2.Muqanov S. HH ghasi’r basi’ndaghi’ qazaq a’debi’’etі: – Almati’: Atamura, 2008. – 384 b.

Жүктелулер

Как цитировать

Ospanova А. А. (2016). Көдек Байшығанұлының «Үркін» дастаны. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 154(2). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1715

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение