Қызылорда облысындағы тілдер: әлеуметтік лингвистикалық сипаттамасы, қызметтік жүктемелері. Языки Кызылординской области: социолингвистическая характеристика, социальные функции

Авторлар

  • А. Abasilov Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
        29 32

Кілттік сөздер:

әлеуметтік лингвистика, тілдердің қызметтік жүктемесі, тіл меңгеру деңгейлері, тілдік жағдаят, социальная лингвистика, функциональная нагрузка языка, уровень владения языком, языковая ситуация.

Аннотация

Автор мақаласында Қызылорда облысындағы тілдік ахуалға әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан шолу жасайды. Мақалада облыстың әлеуметтік коммуникативтік жүйесінде өзіндік орны мен рөлі бар он бір тілге сипаттама беріледі. Әрбір тілдің генеологиялық шығу тегіне, белгілі бір этностың ұлттық құндылығы екендігіне, сөйлеушілер санына, ол тілге берілген заңды мәртебелер мен оның қоғамдағы өмір сүру формаларына т.б. қысқаша мәлімет береді. Мұнан кейін сол тілдің жалпы Қазақстандағы, оның ішінде зерттеу нысаны болып отырған облыстағы сөйлеушілер санына, облыс халқы ішінде алатын үлесіне, өз ана тілін, мемлекеттік тілді, сондай-ақ өзге тілдерді меңгеруіне статистикалық материалдар негізінде талдау жасайды. Облыстың аумағындағы біртілділік, қостілділік, көптілділік мәселелеріне назар аударады. Облыстағы тілдік жағдаяттың аймақтық ерекшелігіне әлеуметтік лингвистикалық баға береді. Қазақстандағы, оның ішінде Қызылорда облысындағы тілдер әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан қарағанда олардың негізгі отанындағы тілдерінен ерекшеленеді. Мұны ұлттық тілдердің бір түрі, яғни аталмыш ұлттық тілдердің«қазақстандық варианты» деп қарауға толық негіз бар деген қорытынды жасайды. Автор статьи дает обозрение языкового состояния Кызылординской области с социолингвистической точки зрения. В статье дается характеристика 11-ти имеющим роль и место в социально коммуникативной системе области языкам. Даются краткие сведения по генеалогическому происхождению каждого языка как национальной ценности каждого определенного этноса, о количестве говорящих на этом языке, юридическому статусу и формам существования данного языка в обществе и т.д. Далее, на основе статистических данных, дается анализ количеству говорящих на этом языке в Казахстане в общем и в исследуемой области, доле говорящих на этом языке среди населения области, о владении ими родным, государственным и другими языками. Уделяется внимание проблемам о владении родным языком, двучзычия, многоязычия. Дается социолингвистическая оценка региональным особенностям языкового состояния в области. С точки зрения социальной лингвистики языки других этносов в Казахстане, в том числе в Кызылординсой области, имеют свои особенности, чем в своем Отечестве. Подводится итог, что есть полные основания рассматривать это как один из видов национальных языков, т.е. как «казахстанский вариант» данных национальных языков.

Библиографиялық сілтемелер

1 Хасанұлы Б. Ана тілі – ата мұра. (Қазақ тілінің жер жүзі тілдері жүйесіндегі алатын орны). – Алматы: Жазушы, 1992. – 272 б.
2 Хасанулы Б. Языки народов Казахстана: от молчания к стратегии развития (социопсихолингвистические аспекты). – Алматы: Арда, 2007. – 384 с.
3 Қызылорда облысы. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. 2-том. Статистикалық жинақ. – Астана, 2011. – 108 б.

Жүктелулер

Как цитировать

Abasilov А. (2015). Қызылорда облысындағы тілдер: әлеуметтік лингвистикалық сипаттамасы, қызметтік жүктемелері. Языки Кызылординской области: социолингвистическая характеристика, социальные функции. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 143(3). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/178