ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ МЕН АНТИКА ӘДЕБИЕТІН САЛЫСТЫРА ОҚЫТУ
Аннотация
Мақалада антикалық әдебиет пен қазақтың көне сақ, ғұн, үйсін, қыпшақ дәуіріндегі әдеби мұралары етене жақын және байланысы тереңге кеткен рухани туындылар екеніне тоқтала келіп, жоғары оқу орындарының филология, журналистика, өнер және мәдениет мамандықтарына әлем әдебиетінің мұраларын оқытудың мақсаты айтылады. Қазақ ауыз әдебиеті мен антика әдебиеті мұраларын салыстыра оқыту әдістемесінің әр қырынан зерттелуі мен зерделенуін қолға ала отырып, жоғары оқу орындарында қазақ әдебиеті мен антика әдебиетін салыстыра оқытудың жастарды рухани-сауаттылыққа, адамгершілікке баулуға, ұлттық әдеби мұраны құрметтеп, әдебиет пен өнер тарихынан нәр алып қалыптасуына негіз болатыны айтылады. Қазақ әдебиетінің бүгінгі жай-күйі, оның даму ерекшелігі, сипаты, рухани мұрасы, тарихы көп ретте басқа әдебиеттерден еш кемі жоқ болғандықтан, оны басқа елдердің әдебиеттерімен салыстыру аса қажет фактор екендігі сөз болады. Салыстырма әдебиет, яғни компаративизм әдісі бойынша ой айтудың маңыздылығы түсіндіріліп, жасалған эксперимент жұмыстарының барысы баяндалады.