ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒҰРЫПТЫҚ ЛЕКСИКА
Аннотация
Мақалада қырғыз және қазақ тілдеріндегі отбасылық ғұрыптарға қатысты қалыптасқан мәдени тілдік бірліктердің табиғаты сөз болады. Сонымен байланысты туыстас екі тілдегі лексиканың ауқымды қабатын құрайтын отбасылық ғұрыптық лексика жан-жақты талдау негізіне алынады. Әсіресе, қырғыз және қазақ тілдеріндегі нәрестенің дүниеге келуіне байланысты, қызға құда түсуге, үйленуге, келін түсіруге қатысты салт-дәстүрлердің атаулары мәдени тілдік бірліктер ретінде бағамдалып, әр халықтың ұлттық танымымен сабақтастықта қарастырылады. Және де туыстас халықтардың ырым-жоралғыларына қатысты қалыптасқан мұндай тілдік бірліктердің көнетүркілік, көне алтайлық тамырластығы да тілдің тарихы тұрғысынан зерделенеді. Сонымен қатар, мақалада екі халықтың танымында қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерінің де бірқатар мәселелері арнайы сөз етіледі.