Прагматика негіздері: ойлау мен сөйлеу
Аннотация
Мақалада ойлау мен сөйлеу теориялары прагматиканың негізгі компоненттері ретінде
қарастырылады. Бұл теориялар философия, психология және филология бағытында жазылған
еңбектер негізінде талданды. Қазақ тіл білімінде сөз, сөйлеу қызметі ойлаумен салғастыра
алғашқы рет қарастылырып отыр. Ойлау мен сөйлеу күрделі механизм ретінде адам баласына ғана
тән екендігі жан-жақты ғылыми пікірлермен толықтырылады. Мақалада сөйлеу қызметі ойлау
қызметінің прагматикасына байланысты көрсетілетіні басты межеге алынды. Психологияда ойлау
түрлері үшке бөлінеді: ұғым, пікір, ой қорытындылары. Осылар психолингвистикалық тұрғыдан
талданып, қарастырылды. Сөйлеу теориялары бойынша психологиялық және филологиялық
еңбектердегі ортақ пікірлер алынды. Прагматика – бірнеше салалардың объектісі. Сол себепті тіл
білімінде прагматиканы өзге салалармен салыстыра-салғастыра зерттеу маңыздылығы мақалаға
арқау етілді.