Қазақ және ағылшын тілдерін оқыту барысында көркем мәтіндерде қолданылған фразеологиялық бірліктердің ерекшеліктері
Аннотация
Мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық бірліктердің көркем мәтінде қолдану аясы мен ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен қатар фразеологизмдердің семантикасын, құрылысын және экспрессивті-стилистикалық тұстарын саралаған. Авторлар қазақ және ағылшын жазушыларының еңбектеріне мысалдар келтірген. Мақалада авторлар көркем шығарма тілінің фразеологиялық қорын зерттеу – бір жағынан жалпыхалықтық тілдің кезеңдік ерекшелігін терең білуге себептессе, екінші жағынан, әр суреткердің тіл шеберлігін жан-жақты ашып, оның әдеби тілімізді дамытудағы рөлін анықтаудың бірден бір жолын анықтаған. Сондай-ақ фразеологизмдер көркем әдебиет қажетін өтеуде халықтың эстетикалық талғамын ақтайтын ең бір күшті тілдік құрал екендігін атап өткен. Фразеологиялық бірліктер арқылы қос тілде ұлттық ерекшeліктерді мақалада салыстырмалы түрде қарастырған.