«Ләйлі – Мәжнүн» жырындағы бас қаһармандардың өзіндік сипаттары
Аннотация
Мақалада қазақ фольклорында кең тараған шығыстық сарындағы дастанның кейіпкерлеріне
талдау жасалады. «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының ел арасында кең таралғандығын, ол адал
махаббатты ғана емес сабыр мен төзімділік сияқты қасиеттерді де уағыздауымен құнды екенін
айта келіп, жырдың басты кейіпкерлерінің сомдалу барысына тоқталады. Кейіпкерлер бейнесін
ашу барысында салыстыру үшін дастанның бірнеше нұсқалары алынған. Бұл мақала фольклорлық
кейіпкерлерді біріздендіру мәселесіне арналған ғылыми жобаның бір үзігі болғандықтан
авторлар мақалада негізінен «Ләйлі мен Мәжнүннің бейнелері қалай сомдалу керек» деген
мәселені көтереді. Бұл ретте шығарманың тілі, көркемдік ерекшеліктері мен поэтикасы ғана емес,
оқиғаның ішкі мазмұны, өту уақыты мен орны басты назарда болу қажеттілігі туралы айтылған.
Бүгінгі таңдағы жастардың қарым-қатынасына жыр кейіпкерлерінің бойындағы ізгілік,
тоқтам мен сенімнің тигізер тәрбиелік мәні ерекше. Олай болса, осындай құнды туындыларды
жас ұрпақпен қайта табыстырып, сөзбен кестеленген бейнелерді суретпен берудің маңызы мол
екендігін айта кеткен жөн.