Қазақ шешендік сөздерінің аргументтеу модельдері

Авторлар

  • Z.Sh. Yernazarova КИМЭП университеті, Алматы қ., Қазақстан,
        24 84

Аннотация

Қазақ халқы ертеден шешендік сөзге айрықша мән берген. Шешен билер ойды жүйелі
жеткізудің, сөзді әдемі құрудың тәсілдерін жақсы білген. Оның айқын көріністерін бізге жеткен
қанатты сөздерден, толғаулардан көруге болады.
Қазақ шешендері ел басқаруға, дала заңдарын құруға, дауларды шешуге, келіссөздер
жүргізуге қатысқаны тарихтан белгілі. Әр халықтың әлем туралы өз көзқарасы, сонымен
байланысты жинақталған білім – тәжірибесі, қалыптасқан құндылықтары бар. Ұлттық дүниетаным
әлем туралы тұрақталған көзқарастардың, қағидалар мен құндылықтардың, тәжірибе мен
білімнің, сенімнің жинытығы болып табылады. Бұл, ең бірінші, адамның әлемдегі орнын, өмірінің
мәнін, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын анықтайтын, белгілейтін этикалық, эстетикалық
ұстанымдар жиынтығы болып табылады. Шешендік сөз үлгілерінде көшпенділердің әлем туралы
бай көзқарасы, дүниені тану мәдениеті бейнеленген. Дүниетаным мәдениетінде ойды негіздеу,
аргумент құру, дәлелдеу әдісі үлкен маңызға ие. Өйткені аргументтеу моделі ойлау моделін
бейнелейді. Шешендік сөздердегі қазақ билерінің аргументтеу тәсілдерін анықт

Жүктелулер

Как цитировать

Yernazarova, Z. (2018). Қазақ шешендік сөздерінің аргументтеу модельдері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 166(2), 168–172. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2330