Қалихан ысқақ шығармасындағы («Келмес күндер елесі» роман-эссе) кейіпкерлердің эмоционалдық күйі

Авторлар

  • G.K., Imanalieva M.P Eshimov A.A Ermagulova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы: Қазақстан
        17 53

Аннотация

Мақалада қаламгер Қалихан Ысқақ шығармасындағы («Келмес күндер елесі» роман-эссе)
кейіпкерлердің эмоционалдық күйінің берілу жолдары қарастырылады. Көркем шығармадағы
адамның эмоциялық көңіл-күйін, ішкі эмоциясын білдіретін сөздердің табиғаттағы қандай да бір
затқа теңеліп қолданылу ерекшелігі мен көркемдік сипаты көрсетіледі.
Автор шығармасында сезімнің, еріктің қатысуы негізінде тілдің көркемдеуші құралы арқылы
бейнеленетін сөздерді кейіпкердің тілімен шебер береді. Сонымен бірге, экспрессивтілік белгілі
бір тіл бірліктерінің қызметін белсендіру арқылы сөйлеушінің психикалық жай-күйін айқын
көрсетіп, сөздің әсер ету әлеуетін арттырады.
Автор шығармасынан адамның кейбір дене мүшесінің қимыл-қалпын білдіретін лексикасемантикалық топтарды және бір нәрсеге теңеу арқылы еркелете қолданылатын эмоционалды
сөздердің лексика-семантикалық топтарын көруге болады.

Жүктелулер

Как цитировать

A.A Ermagulova, G. I. M. E. (2018). Қалихан ысқақ шығармасындағы («Келмес күндер елесі» роман-эссе) кейіпкерлердің эмоционалдық күйі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 166(2), 173–176. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2331