«Ғаламның тілдік бейнесін» жасаудағы кәсіп, зат,сан атаулары мен кірме сөздер қолданысының танымдық мәні
Аннотация
Мақалада ғаламның тілдік бейнесін айқындауда кез-келген көркем шығармадағы
дүниетанымдық тілдік бірліктердің кейіпкер образын ашуға қызмет ететініндігі туралы сөз етіледі.
Адам баласы ес біле бастағаннан ақиқат өмірге бейімделуі үшін өзін қоршаған ортаның болмысы
мен өмірлік тәжірибесі туралы мәдени ақпараттардың жадтағы қорын жинақтай бастайтыны, осы
түрлі білімдер арқылы тұлғаның бойында ғаламның тілдік бейнесі жасалатындығы қарастырылады.
Мақалада Тұрмағамбет Ізтілеуов дискурсында ғаламның тілдік бейнесін жасаушы кәсіп, зат,
сан атаулары мен мамандық атаулары, ұлтаралық қатынас негізінде пайда болған кірме сөздер
қолданысының танымдық мәні нақты тілдік деректермен дәйектеледі. Сонымен қатар, зерттеу
жұмысымызда ақын шығармаларының тілінде дәстүрлі көркемдік тәсілдерді қалай пайдаланғаны,
өз жанына жалпыхалықтық тілге қандай өзгеріс әкелгендігі қарастырылады.