Ақпараттық даулы жарнама мәтініне лингвистикалық талдау жүргізутәжірибесінен
Аннотация
Қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары қатарынан өзіндік орын алатын жарнама дискурсы интерпретаторлар тарапынан түрлі ақпараттық даулардың туындауына себепкер болып жатады. Әсіресе, бірдей қызмет түрін ұсынатын я бірдей тауар өнімдерін шығаратын өзара бәсекелес тараптардың сәйкес жарнамаларының мәтіндері маркетинг саласында компаниялардың бір-бірінің беделіне нұқсан келтіру мүмкіндігіне байланысты лингвистикалық талдауды қажет етеді. Осыған орай, мақалада бір компанияның өз тарапынан ұсынылатын қызмет түріне сұранысты арттыру мақсатындағы жарнамасы мәтініндегі тілдік бірліктердің семантикасы талданылады. Компанияның образын жасаудағы метафораның, сондай-ақ суперлативтің функционалдық-коммуникативтік қызметтері қарастырылады. Тұжырым жарнама мәтініндегі шындыққа сәйкестігі тексеріле алатын деректік мәліметтердің формасы ретінде орын алады. Автор жарнама мәтіндеріндегі шындыққа сәйкестігі бұрмаланған мәліметтердің орын алуына байланысты маркетинг саласында өзара бәсекелес тараптар арасында туындаған тілдік қақтығыстарды ақпараттық дау ретінде қарастырады.