Әлемнің тілдік бейнесіндегі ұлттық-мәдени архетиптер мен стереотиптер
Аннотация
Бұл мақала қазақ, орыс, ағылшын халықтарының дәстүрлі танымында ұлттық тілі арқылы жүйеленген «қонақжайлылық» ұғымын білдіретін архетиптер мен стереотиптерге арналады. Осыған байланысты, мақалада қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша жинақталған тұрақты теңеулер мен фразеологизмдерге, мақал-мәтелдерге лингвомәдениеттанулық және когнитивті-дискурсивтік салғастырмалы талдау жүргізіледі. Әлемнің тілдік бейнесіндегі архетиптер мен стереотиптердің ұлттық мәдени мазмұнына айырықша мән беріледі. Қазақ, орыс, ағылшын халықтарының тілдік санасында шоғырланған таным көрсеткіштері айқындалады. Архетиптер мен стереотиптердің когнитивті лингвистика мен лингвомәдениеттануда өзіндік орны бар екені анықталады. Сондай-ақ, олардың ұлттық-мәдени құндылықтарды сипаттай алатыны және ұлттық менталитет, ұлттық мінезбен байланысы туралы сөз болады.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша жинақталған тілдік бірліктер тақырыптық топтарға бөлініп қарастырылады. Әр тақырыптық топты құрайтын тұрақты теңеулер мен фразеологизмдерге, мақал-мәтелдерге салғастырмалы талдау жасалады. Мұндай талдаулар үш халықтың «қонақжайлылық», «қонақ» ұғымдарын қалай қабылдайтыны туралы дәстүрлі танымындағы ұлттық-мәдени ерекшеліктерді түсінуге мүмкіндік береді.