Жаңа «Абай жолы»: а. Кимнің аудармасындағы кейбір ерекшеліктер

Авторлар

  • G.Zh Bolatova әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық университеті. Алматы, Қазақстан
        78 44

Аннотация

Мақала М.О. Әуезовтің қаламынан туған «Абай жолы» роман-эпопеясының Анатолий Кимнің аудармасымен 2007 жылы жарық көрген орыс тіліндегі нұсқасына, ол туралы айтылған пікірлерге, сондай-ақ оның кейбір ерекшеліктеріне арналады. Аталған аударма бұрынғыларына қарағанда ұлттық ерекшеліктерді кеңінен көрсетуді мақсат етеді әрі онда кеңестік кезеңде жарық көрген орысша нұсқаларында кездеспейтін көптеген эпизодтар мен детальдар толық қамтылады. Романның әлемдік деңгейде мойындалуына және кеңінен зерттелгеніне қарамастан, оның жазылу және басылу тарихында, текстологиясында, аударма инварианттарын жасауда және көптеген басқа да маңызды тарихи-теориялық салаларында шешілмеген мәселелер бар. Белгілі орыс жазушысы А.А. Кимнің жаңа аудармасы абайтанушылардың, әуезовтанушылардың және көркем аударма саласы мамандарының үлкен қызығушылығын туғызды. Осы аудармаға қатысты көптеген дереккөздерде алуан түрлі, тіпті қарама-қайшы мақалалар, пікірлер жарияланып жатты.
Әдебиеттанушылар арасында қызу талқыланған аударма туралы мақала авторы да өзінің дәлелді пікірлерін келтіреді.

Жүктелулер

Как цитировать

Bolatova, G. (2018). Жаңа «Абай жолы»: а. Кимнің аудармасындағы кейбір ерекшеліктер. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 166(2), 320–324. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2357

Шығарылым

Бөлім

Теория перевода