Қорқыт мұрасының педагогикалық негіздері

Авторлар

  • Alshynova G. Turganbekkyzy A. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
        23 0

Аннотация

Бұл мақалада VIII ғасырда Сыр бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші Қорқыттың мол мұрасы – күйлері, Қорқыт ата кітабының нұсқалары және ондағы жырлар жайында сөз болады. Екі дәстүрдің – эпикалық және аспаптық дәстүрдің шығуы халық санасында атақты әулие Қорқыт есімімен байланысты екендігі қарастырылады. Негізінен, Қорқыттың күйлерінің формасы мен олардың кварта бұрауында жазылғандығы, магиялық сипаты, мистикалық қыры талданады. Қорқыт күйлерін ел ішіне жеткізуші қобызшылар туралы мәліметер келтіріледі. Қорқыт күйлеріндегі бақсылық сарын да көрініс табады. Қорқыт күйлерінің желісін байытып, өрнек-нақыш қосып, өңдеген Жаппас Қаламбаев пен Дәулет Мықтыбаевтың музыка өнеріне қосқан өнері бағамдалады. Мақаланың басты арқалар жүгі – Қорқыт мұрасының, оның ішінде күйлерінің өзінен кейінгі қалған ұрпаққа асыл қазына болып қана қоймай, бағыт-бағдар сілтеуші педагогикалық қызмет атқаруында, Қорқыттың музыка өнеріндегі ұстаз екендігінде.

Как цитировать

Turganbekkyzy A., A. G. (2018). Қорқыт мұрасының педагогикалық негіздері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 166(2), 352–355. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2364