Қазіргі қазақ кісі есімдерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері

Авторлар

  • Madiyeva G.B. Aliakbarova A.T әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы: Қазақстан
        53 831

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі кісі есімдері бойынша деректі мәліметтерге сүйене отырып,
заманауи қазақ антропонимдерінің лексика-семантикалық тұрғыда топтастырылуы ұсынылады.
Фактіге негізделген материалға талдау жасау барысында дәстүрлі түрде қалыптасқан лексикасемантикалық топтастыру негізінде (В.Н. Никонов, Т. Жанұзақов) заманауи қазақ антропонимдері
келесі топтарға бөлінеді: а) сипаттама есімдер (дескриптивтер); б) тілек есімдер (дезидеративтер);
в) құрмет есімдер (меморативтер); г) тарихи-мәдени есімдер (әлеуметтік). Бұл топтар ішінара
тақырыптық тұрғыда бірнеше топшаларға біріктіріледі. АХАЖ материалдарын саралай отырып,
тарихи-мәдени есімдер (әлеуметтік) тобына заманауи (трансформацияланған) есімдер топшасын
енгізуді ұсынамыз. Алматы қаласы бойынша 2000-2010 жылдар аралығындағы азаматтық хал
актілерін тіркеу бөлімдеріндегі жазбаларды талдау барысында қазіргі қазақ антропонимиясының
лексика-семантикалық жүйесіндегі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік туындады. Қазіргі қазақ
есімдерін ғылыми тұрғыда саралау кезінде қазақ антропонимиялық қорында байырғы ұлттық
кісі есімдерінің жаңғыруы, жағымды, дәстүрлі есімдердің жандануы және басқа тілден енген
есімдер санының артуы сынды құбылыстар айқындалды.

Жүктелулер

Как цитировать

Aliakbarova A.T, M. G. (2018). Қазіргі қазақ кісі есімдерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 171(3), 137–145. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2396