Дәстүрлі және қазіргі тілдік санадағы «қасқыр» лексемасының лингвомәдени сипаты

Авторлар

  • Ordabekova H.A. Kurkebaev K.K . Сулейман Демирел атындағы университеті, Қазақстан, Алматы қ.
        56 167

Аннотация

Мақалада қазақ халқының дәстүрлі тілдік санасындағы «қасқыр» лексемасымен байланысты
лексика-фразеологиялық қорға кешенді контекс аясында тілдік талдау жүргізіледі. Қазақ халқының
тілдік санасында қасқыр «қайсарлық пен батырлықтың» символы ретінде танылады. Қасқыр
зоонимы қазақ халқының дүниетанымында қайсар, тапқыр, азулы, отбасына берік, қамқоршы,
жол көрсетуші, текті жануар ретінде таңбаланады. Қазақ халқы үшін «қасқыр» лексемасының
мәдени феномен ретінде қабылдануын аңыз-әңгімелер, ертегілер, этнолингвистикалық арналар,
яғни тілдің лексикалық қоры арқылы дәйектеледі. «Қасқыр» лексемасының қазақ халқының
когнитивтік санасында жалпыхалықтық лексикадан берік орын алуы, осы лексема негізінде
жасалған бірнеше қарапайым және ғылыми ұғым атауларының қалыптасқандығына тілдік
талдаулар жүргізіледі. Қазақ халқының санасында қасқыр туралы қалыптасқан аялық білім
жүйесі қоғамдық қатынастардың дамуы барысында өзге тілдік ерекшеліктермен толыға түседі.
Мақала аясында қазіргі қазақ жастарының тілдік санасында қасқыр туралы аялық білім жүйесі
қаншалықты деңгейде екенін анықтау үшін ассоциативті эксперимент жүргізілді.

Жүктелулер

Как цитировать

., O. H. K. K. (2018). Дәстүрлі және қазіргі тілдік санадағы «қасқыр» лексемасының лингвомәдени сипаты. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 171(3), 153–157. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2398