Баламен қарым-қатынас жасаудағы интонацияның маңызы

Авторлар

  • Akymbek S.Sh. Akhmet A.N әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан,
        38 40

Аннотация

Мақалада баламен қарым-қатынас жасаудағы интонацияның маңызы талданған. Мектеп жасына дейінгі балалардың анық сөйлеуін интонация арқылы дамыту баланың ойлау қабілетінің даму ерекшелігімен, психологиялық күйімен тығыз байланысты.
Баланың мектеп жасына дейінгі кезеңі оның сөздік қорының кең көлемде дамуына себеп болатын маңызды кезеңдердің бірі. Бұл уақытта бала жеке сөздерден бастап сөйлемге дейінгі тілдік бірліктерді меңгере бастайды. Дәл осы уақытта баланың ауызекі сөйлеу тілінің дамуына интонация бейвербалды амал ретінде ықпал етеді. Сонымен қатар, мұндағы негізгі фактор баланың әлеуметтік ортасы екенін де жоққа шығаруға болмайды. Баланың өзгелермен әлеуметтік қарым-қатынасының нәтижесі оның тілінде де көрініс тауып отырады. Бала тілінің дамуы интонациядан бастау алады. Баланың сөздік қоры қалыптасқанға дейінгі кезеңде ол сөздің мағынасын түсінбегенімен, оның интонациялық жағын қабылдай алады. Ондағы «мағынаның өзегін» интонация, темп, дауыс тембрі, мелодика атқарады.
Зерттеу нәтижелері ата-ананың сөйлеудегі интонациялық ерекшеліктері бала тілінің интонациялық қырын дұрыс жетілдіруде және болашақта оның өзгелермен қарым-қатынасының дұрыс болуына, өз эмоциясын басқара алуына зор ықпал ететінін көрсетті.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Akhmet A.N, A. S. (2018). Баламен қарым-қатынас жасаудағы интонацияның маңызы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 168(4), 46–51. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2443