Қазақ лирикасындағы түрік бірлігінің бейнеленуі
Аннотация
Мақалада қазақ өлеңіндегі түрікшілдік тақырыбының көркем бейнеленуі жайында сөз қозғалады. Қазақ өлеңіндегі түрікшілдік идеясын жырлау ХХ ғасыр басындағы қазақ ақыны М. Жұмабаев шығармашылығында алғаш сипатталды. Бұл сарын кеңестік дәуір тұсындағы ақындар өлеңдерінен де көрініс тапты. Әсіресе Ж. Нәжімеденов, Ж. Жақыпбаев өлеңдерінде өзгеше реңк алды. Бертін келе түрікшілдік тақырыбына барған Т. Медетбек, Т. Әбдікәкімов т.б. ақындар болды. Қазіргі қазақ өлеңіндегі түрікшілдікті жырлаудың жаңашылдығы да байқалады








